Ақтөбе облысында 300-ден астам әлеуметтік қызметкер күн сайын жүздеген адамға қолдау көрсетуде
✨ Ақтөбе облысында көп жағдайда еңбегі көзге көріне бермейтін, бірақ маңызы зор жандар бар. Бұл – күн сайын жалғызбасты қарттар, мүгедектігі бар азаматтар және ерекше қажеттілігі бар балалардың шаңырағына барып, қолдау көрсететін 300-ден астам әлеуметтік қызметкер.
🔵 Олардың жұмысы тек тұрмыстық көмекпен шектелмей, қамқорлық, көңіл бөлу және адамға деген шынайы жанашырлықты қамтиды.
📌 Әлеуметтік қызметкерлер күнделікті өмірге қажет маңызды істерді атқарады, мәселен, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізеді, үй шаруасына көмектеседі, ас әзірлейді, коммуналдық төлемдерді төлеуге жәрдемдеседі. Қажет болған жағдайда емханаға апарып, дәрігер шақыруға да көмектеседі. Барлық қызмет белгіленген стандарттарға сай көрсетілгенімен, оның түпкі мәні — адамға деген жанашырлық.
✨ Ақтөбе қаласында бұл бағытта тәжірибелі мамандар — Бағдагүл Аетова мен Эльмира Бекеғұлова еңбек етуде. Бүгінде олардың қамқорлығында 20 қызмет алушы бар, әрқайсысына аптасына екі рет барып, қажетті көмектерін көрсетеді.
💬 Қызмет алушылардың айтуынша, уақыт өте келе әлеуметтік қызметкерлерге деген сенім артып, оларды жақын адамындай қабылдай бастайды.
📌 Әсіресе, қарт адамдар үшін мұндай қолдаудың маңызы зор. Себебі тұрмыстық көмектен бөлек, оларға қарапайым ғана нәрселер — жылы сөз, көңіл бөлу, әңгіме қажет. Осындай қарым-қатынас олардың көңіл күйін жақсартып, өмірге деген сенімін нығайтады.
✅ Әлеуметтік қызмет — бұл тек көмек емес. Бұл — қоғамды мейірімді әрі берік ететін адамгершілік құндылық.
