Қазақ тіліндегі әдеби-танымдық «Күншуақ» журналы
Сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, дүниетанымын дамытуға ықпал ететін қазақ тілінде әдеби-танымдық «Күншуақ» журналы.
Мақсаты
мектеп жасына дейінгі 3-7 жас аралығындағы балаларды қоршаған ортамен танымдық айдар, дамытушы ойындар, сурет арқылы таныстыру, мектепке дейінгі сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету, заманауи педагогика мен психология жаңалықтарына, білім стандарттарына сүйене отырып, баланың ақыл-ойы мен есін дамыту, дүниетанымын кеңейту, мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл байлығын арттырып, ой-өрісін дамытатын танымдық-көпшілік сипаттағы құрал ретінде қызмет ету.
Журнал мазмұнына қойылатын талаптар
- мектепке дейінгі балаларды төл әдебиетіміздің озық үлгілерін кеңінен пайдалана отырып қазіргі қазақ әдебиетінің ерекшеліктерімен таныстыру мәселесіне назар аудару;
- балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, отанын сүюге, қорғауына деген патриоттық сезімін оятатын мақалаларды қамту;
- түрлі-түсті суреттер, материалдар арқылы бүлдіршіндерді табиғатты аялауға шақыру;
- балабақша тәрбиешілерінің, мамандардың материалдары мен дарынды балалардың өнері туралы мақалаларды қамту;
- әрбір басылымға мектепке дайындық ретінде танымдық тақырыптарына бағытталған мақалалар және балалардың тіл байлықтарын арттыру үшін халық ертегілерін енгізу;
- журнал материалдары басқа БАҚ-тарда шықпаған болуы және қайталанбауы тиіс;
- журналды әрлеу кезінде ұлттық бейнелеу өнеріндегі жаңа, озық технологияларды қолдану, сондай-ақ балалардың суреттерімен әрлеу назарға алынуы тиіс.
Ішкі мазмұны
Айдарлар:
- Біз осындаймыз: Ақтөбе қаласындағы үлгілі балабақшалар, білім ұйымдары туралы материалдар фотосуреттерімен жарияланады.
- Жеті жұрттың тілін біл: ағылшын тілінен қарапайым /А1/ деңгейдегі сабақтар үлгісі беріледі.
- Тілашар: орыс топтарына арналған қазақ тілінен қарапайым (А1) деңгейдегі илюстрациялық суреттермен сабақтар үлгісі беріледі.
- Ертегі айтып берейін: балалардың жас ерекшелігіне сәйкес қазақ халық ертегілері /мектепке дейінгі білім беру стандартында қамтылған/ жарияланады.
- Менің елім – Қазақстан: Қазақстанның қалалары, тарихи орындары, табиғат ерекшеліктері туралы мәліметтер қамтылады.
- Білгенге маржан: бала дүниетанымын кеңейтетін, ой-өрісін арттыратын танымдық мәліметтер беріледі /мысалы, қазақша төл атаулары, адам жасына байланысты атаулар, балмұздақты кім ойлап тапқан, т.б./
- Бәрін білгім келеді: әлемдегі ғажайып құбылыстар баяндалады.
- Әдебиет бұрышы: қазақ балалар әдебиеті туындыларымен таныстырады.
- Қандай көркем – туған өлкем: Ақтөбе облысының ұлы тұлғалары, тарихи орындары, көрікті жерлері, табиғаты, жануарлар әлемі туралы фотосуреттермен қызықты мағлұмат беріледі.
- Біздің өнерлі достарымыз: балалар шығармашылығы /өлең, әңгіме, суреттер/ беріледі.
- Тіл дамыту: балалардың сөздік қорын байыту және сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру мақсатында суретке қарап әңгіме құрайтын, орын тәртібі ауысқан сөйлемдегі сөздерді дұрыс қалыпқа келтіре білу, тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру, мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап бере білу, жаңылтпаштарды жылдам оқып, мазмұнына түсіну, шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жазуға төселу, жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу дағдыларын дамытатын тапсырмалар қамтылады.
- Нақыл сөздер: көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшықтарымен таныстырады.
- Ойнайық та, ойлайық! - логикалық ойды дамытатын, шығармашылықты жетілдіретін ребустар, бас қатырғыштар, логикалық есептер, балалар кроссвордтары, жұмбақтар, т.б.қамтылады.
- Өнерліге өріс кең! - осы айдардағы бетке бала өзі сурет те салуы қажет, қосымша кітапша, өзінің бірінші шығармашылық жұмысын, немесе қолдан сыйлық та жасай алуы керек.
- Техника ғажаптары: ғарыш, медицина, ғылым, техника, т.б. жетістіктер баяндалады.
- Қауіпсіздік ережесі: жолда жүру, өрт, су қауіпсіздігі ережесі, алғашқы жәрдем көрсету туралы баяндалады.
- Өзге де балалардың дүниетанымы мен ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытатын айдарлар, мақалалар қамтылуы керек.