
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өзге ұлт жастары арасында «Ақындары өз өлкесін жыр еткен» атты шығармашылық байқауы өткізілді.
Жергілікті ақындардың шығармашылығына арналған байқаудың мақсаты:
этнос жастары арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен оны дамыту, өңірден шыққан ақындардың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас-ынтаны жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру болды.
Байқауға 16-25 жас аралығындағы қаламыздағы ЖОО және колледж студенттерінен құралған 10 Сайыскер қатысып, өз бақтарын сынап көрді.
қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде, олардың:
Сайыс Қорытындысы бойынша:
1-орын Пухальская Аида, 2 орын Юлдашбаева Сугдиана, 3-орын Клименко Руслан және Хитрук Канат ынталандыру жүлдесін иеленді.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.