"Темір ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы /санаты Е-2/, (индекс 1-05)
Темір ауданы әкімдігі
Ақтөбе облысы
134851 - 182456
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Қызмет көрсету (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру, ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімінің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік наградалармен марапаттау, сайлаулармен және референдумдар өткізу, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу, аудандық әкімі аппаратында құпиялылық режимін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізеді. Селекторлық режимде өткізілетін отырыстары мен кеңестеріне аудан әкімінің дайындығы мен қатысуын қамтамасыз етуді үйлестіру және бақылау. Аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін әзірлеу мен ұйымдастыру және жоғары тұрған органдардың актілерін орындауды ұйымдастыру, тиісті атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету бөлігінде атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді. Аудан әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жасайды, бөлімшелерінің жұмыстарына жетекшілік етеді. Жүктелген міндеттерді орындау мақсатында облыс әкімшілігі, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. «Күзет» қызметінің жұмысын қадағалайды; Құпия іс-қағаздарының құжат айналымына басшылық жасау. Басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.09.2020
- 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ.
-
Анықтама телефоны: 8(71346) 22531, 22760. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.