Міндетті автосақтандыру: 2024 жылдың 10 айында тұтынушыларға 65 млрд теңге төленді

Міндетті автосақтандыру: 2024 жылдың 10 айында тұтынушыларға 65 млрд теңге төленді

Қазақстандық сақтандыру нарығында міндетті автосақтандыру – цифрлық сервистерді дамыту саласындағы ең кең таралған санат болып табылады. Әрбір үшінші қазақстандық көлік мінетіндіктен, автосақтандырудың не екенін біледі.
ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева 2024 жылдың басынан бері міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру жағдайларын онлайн реттеу және міндетті автосақтандыру бойынша жол-көлік оқиғалары кезінде төлеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілгенін еске салды. Сақтандыру жағдайларын онлайн реттеу сақтандыру төлемін алу рәсімін жеңілдетуге және ашық етуге мүмкіндік береді. Тұтынушы кеңсеге бармай-ақ сақтандыру компаниясының сайты арқылы сақтандыру төлемін алу үшін өтініш пен құжаттар пакетін бере алады. Еурохаттама ЖКО қатысушыларына полиция мен сот шешімін күтпей-ақ оқиғаны сол жерде тез тіркеуге мүмкіндік береді.

2024 жылдан бастап міндетті автосақтандыру бойынша тарифтер жыл сайынғы негізде өзекті өңірлік залал ескеріле отырып қайта есептеледі. Шығыны төмен аймақтарда тұратын автокөлік иелері аз төлейді, бұл – әділ шешім. Тарифтерді есептеу бірыңғай сақтандыру деректер базасында автоматты түрде жүзеге асырылады.

Міндетті автосақтандыру төлемдер көлемі бойынша да көш басында. Ағымдағы жылдың 10 айында тұтынушыларға 65 млрд теңге төленді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Нарық бойынша шығын коэффициенті жыл басынан бері 29%-ға өсті. 2024 жылғы 1 қарашадағы төлем коэффициенті 80%-ды құрайды. Сақтандыру ұйымдары үшін сақтандырудың бұл санаты тиімді емес, өйткені көптеген компания сақтандыру сыйлықақыларын жүргізушілердің жинаған қаражатынан көп төлейді.