АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін, 02.11, аудан әкімі С.Аманбаев бекітілген кестеге сәйкес Шитүбек ауылының тұрғындарымен есептік кездесуге қатысты.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергенов, бөлім, мекеме басшылары, қатысты.
Жиын барысында округ әкімі Ж.Маясаров атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар бойынша өз баяндамасын оқыды. Баяндамасында ауыл көшелері электр жарығымен жарықтандырылғанын және мобильді интернет жүйесі іске қосылғанын, ауыл тұрғындары тарапынан түскен бірқатар әлеуметтік мәселелер өз шешімін тапқанын жеткізді.
Жиын қорытындысы бойынша аудан басшысы Кеңестуы ауылдық округі әкімі Ж.Маясаровқа ауылды дамытуға басымдық бере отырып, тұрғындардың өтініштерін жіті бақылауға алуды тапсырды.