КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТ БАСШЫЛАРЫ ТЫҢДАЛДЫ
Бүгін, 4.01, аудан әкімі С. Аманбаевтың төрағалығымен жылыту маусымының өту барысы және ауданның жолдарын қардан тазалау, санитарлық жағдайы пысықталды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев,аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С. Нұғманова, кент әкімі Қ. Нұралы, бөлім-мекеме басшылары қатысты.
Жиында 2023 жылға жылыту маусымының өту барысы, жылу қазандықтарының жұмысы таныстырылып, аудандағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандардың жылыту маусымының жай-күйі туралы баяндалды.
Сонымен қатар, аудандық санаттағы жолдарды және ауылішілік жолдарды қысқы күтіп ұстауға жауапты мердігерлердің жұмысы және аудандағы жекелеген ауылдық округтердің санитарлық жағдайы хабардар етілді.
Жиын соңында аудан әкімі қыс-көктем мезгілінде көп қабатты тұрғын үйлер мен аудандағы жылыту жүйелерінің жағдайын басты назарда ұстау туралы керектігін жеткізді. Сондай-ақ,күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілеріндегі қарлы-мұздық шөгінділерден және күпсек қардан тазартып отыруды, көктайғаққа қарсы инертті материалдарды шашып отыруды, тас жолдардағы қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды.