Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Н.Тілеумұратов бастаған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жөніндегі жұмысшы топ ауданымызда болды
Ағымдағы жылдың 25 наурыз күні облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Н.Тілеумұратов бастаған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жөніндегі жұмысшы топ ауданымызда болды.
⠀
Топ құрамындағы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, қаржы институттары, екінші деңгейлі банк жəне "Атамекен" ӨКП өкілдері аудан басшысы С.Аманбаевпен кездесіп, ауданның кəсіпкерлеріне кәсіпкерлік субъектілерімен ауылшаруашылығы құрылымдарына мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
⠀
Шаралар жоспарына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай аудан жастарымен кездесу және B2B форматындағы квест-сессиялар ұйымдастырылды. Жиынды ашқан аудан әкімі С.Аманбаев
экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнесті дамытуда осындай шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Сондай-ақ, қатысушыларға өтеусіз гранттар алу, инфрақұрылым жүргізу, ауылшаруашылығы техникаларын лизингке алу, алынған ауылшаруашылығы техникаларын субсидиялау жəне портфельдік несие алу мәселелері жөнінде ауқымды мағлұматтар берілді.
⠀
Жұмыс тобы сапар барысында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы негізінде грант иегері болған Л.Актуринаның тігін шеберханасында болып, алдағы уақытта жүзеге асқалы отырған оқыту курсы жұмыстары жөнінде сұхбаттасты.
⠀
Сонымен қатар, бірнеше жылдар бойы мемлекет тарапынан қолдау алып келе жатырған жеке кәсіпкер А.Мұстафиннің "Ар-Амир" супермаркеті мен "Шұбарқұдық-нан" наубайханасында болып, жұмыстарымен танысты.
⠀
Шаралар соңында аудан əкімі С. Аманбаев аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын барлық ауылдық округтерде жүргізуді тапсырды.Ағымдағы жылдың 25 наурыз күні облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Н.Тілеумұратов бастаған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жөніндегі жұмысшы топ ауданымызда болды.
⠀
Топ құрамындағы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, қаржы институттары, екінші деңгейлі банк жəне "Атамекен" ӨКП өкілдері аудан басшысы С.Аманбаевпен кездесіп, ауданның кəсіпкерлеріне кәсіпкерлік субъектілерімен ауылшаруашылығы құрылымдарына мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
⠀
Шаралар жоспарына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай аудан жастарымен кездесу және B2B форматындағы квест-сессиялар ұйымдастырылды. Жиынды ашқан аудан әкімі С.Аманбаев
экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнесті дамытуда осындай шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Сондай-ақ, қатысушыларға өтеусіз гранттар алу, инфрақұрылым жүргізу, ауылшаруашылығы техникаларын лизингке алу, алынған ауылшаруашылығы техникаларын субсидиялау жəне портфельдік несие алу мәселелері жөнінде ауқымды мағлұматтар берілді.
⠀
Жұмыс тобы сапар барысында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы негізінде грант иегері болған Л.Актуринаның тігін шеберханасында болып, алдағы уақытта жүзеге асқалы отырған оқыту курсы жұмыстары жөнінде сұхбаттасты.
⠀
Сонымен қатар, бірнеше жылдар бойы мемлекет тарапынан қолдау алып келе жатырған жеке кәсіпкер А.Мұстафиннің "Ар-Амир" супермаркеті мен "Шұбарқұдық-нан" наубайханасында болып, жұмыстарымен танысты.
⠀
Шаралар соңында аудан əкімі С. Аманбаев аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын барлық ауылдық округтерде жүргізуді тапсырды.