Әр адамның мүмкіндігіне жол ашу – маңызды миссия.
Қазан айының соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып, қиындыққа тап болған жандарға қолдау көрсетіп жүрген мамандардың еңбегіне құрмет білдіретін күн.
Осы бағытта Хромтау ауданының Мансап орталығының мамандары да табанды еңбек етіп келеді. Олар жұмыс іздеген азаматтарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесіп, жаңа бастамаларға жол сілтейді.
Әрбір табылған жұмыс орны – бір адамның үміті, бір отбасының қуанышы, болашаққа басталған жаңа қадам.
Барша әлеуметтік сала қызметкерлеріне еңбектеріңізге табыс, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!