Сервистік әкімдіктің ашылуы
Жоба туралы
Сервистік әкімдік мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік мекемелердің бір жерден қызмет көрсету мақсатында және тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін қарастырылған. Сервистік әкімдікте білім беру (24), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (16), сәулет, құрылыс, тұрғын үй (15), экономика (1) саласы бойынша қызмет көрсетуші мекемелер орналасады.
Мақсаты
Қызмет алушылар қызмет түрлерін бір жерден алу, ашықтық, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау
Қосымша ақпарат
Сонымен қатар, е-гов порталы арқылы электронды қызметтерді (Неке қию, бала тууды тіркеу, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, балабақшаға балаларды кезекке қою, мектепке қабылдау, құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, т.б. 60-тан астам қызмет түрін) алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Қызмет алушыларға арналған күту залы, балаларға арналған ойын алаңшасы жабдықталған.