Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №105 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Баспасөз – релизі
Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №105 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
«Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес негізінде әзірленді.
Шешім жобасы Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесіне ұсынылады және www.shalkar.aktobe.gov.kz сайтында 2026 жылы 08 қыркүйек айында, www.e-gov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 01 қыркүйек 2026 жылы орналастырылды.
Шалқар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы А.Бурамбаева