GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Все материалы
20 октября 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды


✔️Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай саласының қызметшілері ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын-сағатта жедел шешім қабылдай алатын, арнайы даярлықтан өткен нағыз кәсіби мамандар деп есептейтінін айтты.

16 октября 2026
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

📌Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда, ол азаматтардың жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жаңа Конституциядағы табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының негізгі элементіне айналды. Ауқымды жоба аумақтарды абаттандыру, қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту және экологиялық ағарту жөніндегі кешенді шараларды қамтиды.

Жыл өткен сайын Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық іс-шараларға қатысушылар саны да арта түсуде. Егер 2025 жылы оған 6 млн адам қатысқан болса, осы жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін 7 млн-нан астам азамат атсалысқан. «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру басталғаннан бері елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 млрд-тан астам тұқым пен көшет отырғызылды.

12 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.

Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.

Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.

12 октября 2026
«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды 

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 76,11 млн АҚШ долларына 365 553 алушыға төлем жасалды. 
2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 170 156 азамат жалпы сомасы 44,84 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның ішінде 119 279 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 31,00 млн аса АҚШ доллары, ал 50 877 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 13,83 млн АҚШ доллары аударылды. 
Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шottарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. 
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады. 
kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетti нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады.

12 октября 2026
"БЖЗҚ" АҚ зейнетақыны уақтылы рәсімдеудің маңыздылығын еске салады

БЖЗҚ-да міндетті және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтары бар, зейнет жасына жеткен азаматтар белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Бұл құқық мүгедектігі мерзімсіз белгіленген I және II топтағы азаматтарға да беріледі.

2026 жылы зейнет жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ХҚКО-ға алдын ала жүгінуге болады. Құжаттар мен өтінішті зейнет жасына толуға 10 күн қалғанда тапсыруға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар зейнет жасына толуына 2 ай қалғанда eGov-тағы мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі.

Егер азамат зейнет жасына жетіп, БЖЗҚ-дағы жинақтарын алу үшін өтініш бермесе, БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп қажетті тексеру жүргізеді. Талаптар орындалған жағдайда төлем өтініш бермей-ақ, автоматты түрде тағайындалады.

2026 жылғы наурыздан бастап мұндай тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарға да қолданылады.

ЕЗЖ есебінен төлемдерді 50 жасқа толуына немесе мүгедектіктің белгіленуіне байланысты алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге болады. Қызметтерді БЖЗҚ бөлімшелерінен, сондай-ақ ЭЦҚ арқылы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан алуға мүмкіндік бар.

Қажетті құжаттар тізімі мен оларды алдын ала тексеру мүмкіндігі БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде қолжетімді.

05 октября 2026
12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтынын жеңіп алды

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З. Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл — Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі. Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын.

02 октября 2026
🚨 ІІМ алаяқтықтың кең таралған 10 түрін еске салады

Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Қазір олар бейнежазбаларды, қоңырауларды және жасанды интеллект технологияларын жиі қолданады.

⚠️ Суретте кез келген адам тап болуы мүмкін алаяқтықтың 10 кең таралған схемасын жинақтадық.

Осы жарияланымды жақындарыңызға жіберіңіз - бұл ақпарат біреуді алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалуы мүмкін. 🤝

23 сентября 2026
Ағымдағы жылдың 21-30 қыркүйек аралығында Шалқар ауданы аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс шарасы өткізіледі!

Мақсаты: қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу, халықпен тығыз жұмыс жасау. Қауіпсіз қоғам-барлығымыздың жауапкершілігіміз!

16 сентября 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы, ең алдымен, қонақжайлық танытып, бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырған Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдірді.

Толығырақ : https://ortcom.kz/kk/novosti/1789551774

08 сентября 2026
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял ық портфельді таңдауға құқылы.
Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы