Меню

Страницы

Статья

Ауруханалар

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Мұғалжар аудандық туберкулез ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Аурухана жаңа типті 60 керуетке арналған, Қандыағаш қаласы, «Самал» мөлтек ауданы, Газовиктер поселкесінде орналасқан. 2006 жылдан бастап халыққа стационарлық қызмет көрсетіп келеді. Аймағы 1,5 метрлік темір тормен қоршалып, күзетшілермен күзетіледі.  Бөлім – 3 бөлімшеден тұрады. Бөлімшелерді аймақтау жүргізілген (бөлек кіру және шығу есіктері бар, бөлімшелер өзара арақабырғалықтармен бөлінген, әр бөлімшеде 2 изолятор бар).                 

Жылу автономды, ыстық және салқын сумен қамтамасыз етілген, кәріз (хлоратор) орталықтандырылған, сорып-шығару (приточно-вытяжная вентиляция) ауа баптағышпен қамтылған, дез.камера жұмыс жасап тұр.                          

Науқастарды ауруханаға жатқызу, моностатус бойынша қатаң жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 218 «Туберкулезбен күрес жөніндегі кейбір мәселелер туралы» және «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2011 жылғы 29 шілдедегі №135 Ө–§ 2 «Облыстың туберкулезге қарсы күрес қызметінің койка қорын бөлшектеуін жалғастыру (реструктуризациялау) туралы» бұйрықтары негізінде, аруханада өкпе туберкулезімен ауыратын, «жаңа жағдай», «қайталанған ауыру», бактерия бөлмейтін БК (–) науқастар емделеді.

Мұғалжар аудандық туберкулез ауруханасында үш жұмыс орынды F52–8C рентген диагностикалық кешені жұмыс жасайды.              Диагностикалық үстел ZC15XY-1 скопия және рентгенография тәртібінде жұмыс істей алады.

SC5-1 рентген жантайған рентгенография мен тамография жасауға арналған.

2010 жылдың наурыз айынан бастап ультрадыбыстық сканер 2,26 DDR 2564 OGB/4064 MB CDSB/SPLan маркалы Австриялық қондырғысы алынып, жұмыс жасап келеді.

Ауруханада бактериоскопиялық зертхана жұмыс жасайды.

«Мұғалжар аудандық туберкулез ауруханасы» МКҚК

бас дәрігері  Жанабаев Алтынбек Жалғасбайұлы.

 

 

 

 

Дата публикации
06 ноября 2020
Дата обновления
06 ноября 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы