Меню

Страницы

Статья

Мәдениет

Мәдениет

Мұғалжар аудандық мәдениет бөлімі 1965 жылы Октябрь ауданы құрылған уақыттан бастап жұмыс жасап келеді. Аудандық мәдениет бөлімін алғаш Ғани Алтыбаев басқарды. 1967-1969 жылдары Мальцев Владилен Васильевич, 1970-1981 жылдар аралығында Тоқмырза Тіленбаев, 1981-1985 жылдары мамандығы филолог Нағашыбай Балмаханов, Құралай Байменова басқарды. 1986 жылдан бастап осы күнге дейін Әбілхан Алдаберген басқарып келеді. 1997 ж. Бөлімнің атауы «Мұғалжар аудандық мәдениет бөлімі» болып өзгертілді. 2005 жылы «Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Қазіргі таңда Мұғалжар ауданы бойынша 18 Мәдениет үйі мен клуб, 18 кітапхана және 1 саябақ, 2 мұражай жұмыс жасайды. Барлығы 39 мәдениет ошағы бар. Ауданда «Халықтық» атағы бар жеті ұжым қалыптасып үлгерді. Олар – халықтық театр, хор, ұлт-аспаптар оркестрлері, «Триумф», «Алтынзер», «Құралай» бишілер тобы, «Көкай» әзіл-сықақ театры, «Қарлығаш» вокал тобы. Бұл шығармашылық ұжымдар бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпаздары болды. Ауданда дәстүрге айналған «Айналайын», «Алтын микрофон», «Патриоттық әндер», «Жем аруы», «Ән әлдиі», «Би думаны», «Жем самалы», «Жас дәурен», «Жұбанов көктемі», «Кішкентай модельер» байқаулары мен «Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі» фестивалі тұрақты өткізіліп келеді. Аталмыш байқауларға тек қана мектеп оқушылары ғана емес, аудандағы мекеме, кәсіпорындар, ауылдық окоугтерден өнерлі ұжымдар белсене атсалысады. Мәдениет ошақтарында би үйірмелері де көптеп ашылуда.
Аудандық тарихи- өлкетану мұражайы 2004 жылдың 16 тамызынан бастап жұмыс жасап келеді. Ашылған кезде мұражай қорында небәрі 635 жәдігер болса, қазіргі таңда мұнда 3 мыңнан астам жәдігер жинақталған. Қорға түскен жәдігерлер мұқият зерттеліп, тексеріліп, толық құжатталып тізімге алынады. Шамамен XVII ғасырда жасалған қыш құмыра, екі ғасырлық тарихы бар сүйекпен, жезбен өрнектелген шәй сандық, сүйекпен өрнектелген домбыра, халық батыры, тарихи тұлға – Көтібар Бәсенұлының көне бейітінен әкелінген құлыптас аудандық мұражайда құнды жәдігер ретінде сақталып тұр. Сондай-ақ мұражайда Мұғалжар жерінен Ғани Мұратбаев пен Әліби Жангелдиннің өткенін айғақтайтын мемориалдық тақталар сақталған.
Ағайынды Жұбановтар мұражайы 1983 жылы ашылды. Алғашында мұражайға жерлесіміз ғалым, профессор, сазгер А. Жұбановтың атағы берілген болатын. 1991 жылдың сәуір айында Құдайберген Жұбановтың 100 жылдық мерейтойының қарсаңында мұражайға «Ағайынды Жұбановтар» аты берілді. Мұражай қорында сол кездегі 800 – ге жуық жәдігерлер: ағ.Жұбановтардың жазған еңбектері, әріптестерімен, тума-туыстарымен түскен фотосуреттері, деректері мақалалары, естелікері, тұтынған бұйымдары жинақталған. Мұражай қорында 1994 жәдігер жинақталған. Оның 1335 жәдігері негізгі қорға, ал 659 жәдігері қосалқы қорға тіркелген. Ауданда бүгінгі таңда 40 мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс жасайды,оның ішінде 19 мәдениет үйлері мен клубтар, 18 кітапхана, 2 мұражай, 1 саябақ қызмет атқарады.
Қазіргі таңда Мұғалжар аудандық орталық кітапхана жүйесіне қарасты барлығы 18 кітапхананың 10-ы «Модельді кітапханалар» қатарында, оның 8-і интернет желісіне қосылған, 2-еуі (Талдысай және Ащысай модельді ауыл кітапханалары) «Модельді ауыл кітапханасы» атағы болғанымен интернет желісіне қосыла алмай отыр.
Сонымен қатар газ кірген елді мекендердегі мәдениет ғимараттарын газге ауыстыру үшін Ақкемер ауылдық округінің мәдениет толық газдандыру жұмысына 5922, млн тг және Талдысай ауылдық округінің мәдениет үйіне 4200,0 жергілікті бюджеттен бөлінді.

Дата публикации
02 ноября 2020
Дата обновления
02 ноября 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы