"Ауыл аманаты" жобасы
"Ауыл аманаты" жобасы
2022 жылы өңірде ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы бастау алды.
Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады
Несиенің негізгі шарттарына тоқталатын болсақ, жоба аясында ауылдық елді-мекен тұрғындарына пайыздық мөлшерлемесі 2,5% жеңілдетілген несие беріледі.
Несие мал, құспен өсімдік шаруашылығын дамытуға, кооперативтерді жабдықтауға және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бағытында шағын кәсіпкерлік ашуға бағдарланған.
Несиенің шекті көлемі 2,5 мың АЕК (8 625 000 тг) дейін, кооперацияларды дамытуға 8 мың АЕК дейін (27 600 000 тг.) (АЕК- 3450 тг). Мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін.
Несиені алу үшін кепіл қою және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті болып табылады. Несие кепіл құнының 70%-на беріледі.
Жобаның ерекшелігі, екінші деңгейдегі банктер кепілге алмайтын ауылдық елді мекендердегі жылжымайтын мүлікті кепілге қою мүмкіндігі бар.