«АҚТӨБЕ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»
«АҚТӨБЕ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»
Президенттің “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: өмір сүру сапасын арттыру және өмір сапасы” атты Жолдауында еліміздің барлық өңірінде “Сыбайлас жемқорлықсыз аймақтар” жобасын жүзеге асыруды тапсырған.
Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың және Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапабаевтың қатысуымен 2018 жылдың 21 желтоқсанында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.
Жобаның мақсаты – күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, азаматтар мен бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету.
«Ақтөбе – адалдық алаңы» Жобасының міндеті өңіріміздегі азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.
Жобаның 4 негізгі бағыттары бар. Бұл:
1) тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою;
2) азаматтарға қолайлы жағдай жасау;
3) сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру;
4) халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Басты мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты қысқарту, сыбайлас жемқорлық қатерін азайту, мемлекеттік қызмет сапасы мен халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру.
Мемлекеттік органдардың ашықтығын айқындау, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін болдырмау мақсатында ашық кеңсе жағдайына (open space) ауыстыру принципін енгізу болып отыр.
Жоба мемлекеттік биліктің барлық саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.