Меню

Страницы

Статья

Саржансай ауылының жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының хаттамасы

Саржансай ауылының жергілікті тұрғындары (қоғамдастық) жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№ 10

21 желтоқсан  2020 жыл                                                 Жергілікті уақытпен 1000

КҮН ТӘРТІБІ:

         Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз көшелерге атау беру туралы.

         ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

Бостан Бадиканович Амантурлиев  – Тәңірберген ауылдық округінің әкімі

         ҚАТЫСУШЫЛАР:

         Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы, Саржансай ауылдық жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары.

         ТЫҢДАЛДЫ:

Саржансай ауылы бойынша 1 атаусыз көшеге атау беру туралы ұсыныс.

         СӨЙЛЕУШІЛЕР:

         Б.Амантурлиев – Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз 1 көшеге атау беру туралы ауыл тұрғындарынан, жергілікті қоғамдастық мүшелерінен ұсыныстар келіп түсті. Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылап дауысқа салайық, ұсыныстарыңыз болса ортаға салайық.

         А.Абикенова- бұл көшеде балаларымыз тарихты біліп, әрдайым есте сақтауы үшін «Есет Көкіұлы» бабамыздың  құрметіне атауды ұсынамын.

         Р.Ильясова – Көшеге атау беру туралы берілген ұсыныстарды қолдаймын. Енді осы ұсыныстарды дауысқа салу қажет деп санаймын.

         Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз 1 көшеге атау беру туралы сұрақ бойынша санау үшін дауысқа салынды (дауыс беруге қатысушылардың қол көтеруі арқылы ұсыныстары анықталды).

«Жақтады»- 10

«Қарсы»- 0

«Қалыс қалғандар»-0

           Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беруі қорытындысы арқылы Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз 1 көшеге атау беру туралы ұсыныстары мақұлданды.

 

 

 

Жиналыс қорытындысы бойынша жиынға қатысушылардың басым бөлігі ШЕШІМ ЕТТІ:

         Саржансай ауылының жаңадан салынған бөлігіндегі атаусыз 1 көшеге төмендегідей атау беру туралы ұсыныстары мақұлдансын:

  1. «Есет Көкіұлы»

         Аталған мәселе облыстық онамастикалық комиссияға ұсынылсын.

 

Жиын төрағасы:                                       Б.Амантурлиев

 

                Жиын хатшысы:                                        Р.Ильясова

Дата публикации
23 декабря 2020
Дата обновления
23 декабря 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы