
2024 жылдың қазан айындаауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 28 804,9млн.теңге, немесе 102,8 % - ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы –13 832,3млн. теңге (106,2%), мал шаруашылығы –14 957,9 млн. теңге (99,3%), қызмет көрсету –14,7 млн. теңге (100 %) құрады.
Аудан бойынша барлығы 530 ШҚ бар, оның 234 егіншаруашылығымен, 250 мал шаруашылығымен айналысады. Жер көлемі 500 га ауыл шауашылығы мақсатындағы жерлерден асатын 162 ШҚ жұмыс жасайды.
Көктемгі егістік жұмыстары кезінде Мәртөк ауданының егістік көлемі 146,1 мың га жеткізілді. Оның ішінде: дәнді жаздық дақылдар 92,4 мың га, майлы дақылдар 15,7 мың га, күздік дақылдар 10,4 мың га, өткен жылдары егілген көпжылдық шөптер 26,1 мың га, картоп 536,1 га, көкөніс 784,1 га, 98,9 га бақша.
Бүгінгі күнге аудан бойынша барлығы 92,4 мың га дәнді дақылдар жиналды (орташа өнімділік 17,7 ц/га, жалпы жиналған өнім - 164,1 мың тонна). Оның ішінде 51331 га бидай (орташа өнімділік 18,0 ц/га), 26302 га арпа (орташа өнімділік 18,6 ц/га), 997 га сұлы (орташа өнімділік 17,2 ц/га), 3 382 га құмай (орташа өнімділік 17,14 ц/га), 4400 га тары(ортша өнімділігі 5,1 ц/га) Бүгінгі күнге 100 % дәңді дақылдар жиналды
Келесі жылдың егіс жұмыстарына жер дайындау бойынша 21 200 га сүр дайындалды (тапсырма – 21200 га). Соңымен қатар сүдігер дайындау жұмыстары басталып бүгінгі күнге 21307 га сүдігер дайындалды.
Күздік дақылдар 10402 га алқабында егілді («Родники-Агро» ЖШС – 7 200 га, «Алем» шқ – 100 га, «Жайсаң» шқ – 700 га, «АЙС» ЖШС- 180 га, «Милкер» ЖШС – 280 га, «Рад-Агро» ЖШС – 450 га, «Фиалка» шқ – 100 га, «Факел» шқ – 200 га «Лан-Агро» ЖШС, 90 га, «Кандула» ЖШС 90 га, «Сұлтан» шқ, 400 га, ).
Мал шаруашылық саласында шаруашылықтардың барлық санатында 2024 жылдың қазан айын 2023 жылдың қазан айымен салыстырғанда мүйізді ірі қара –39418 бас, немесе 115,3%, қой-ешкі –45 760 бас – немесе 118,9 %, шошқа - 469 бас – немесе 54,9 %, жылқы –7878 бас, немесе 130,7 %, түйе 83 бас немесе 55,0%, құстар- 51207бас немесе 81,9% құрайды.
Ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша 2023 жылдың желтоқсан айын 2022 жылмен салыстырғанда: ет – 5592,5 тонн немесе 102,5 % , сүт - 24 593,9 тонн немесе 100,0%, жұмыртқа 4160,3 мың дана немесе 100,2 % құрайды.
2024 жылға Асыл тұқымды ірі қара мал санын 9459 басқа, асыл тұқымды қой санын 2110 басқа жеткізу тапсырмасы берілді. Күні бүгінге асыл тұқымды ІҚМ саны 11 445 бас (120,9%), асыл тұқымды қой саны 2110 басты (100 %) құрайды.
2024 жылға шет елден асыл тұқымды ірі қара мал (инпорттау ) сатып алу тапсырмасы 800 бас.
«Айс» ЖШС – 800 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын салуда . Жоба құны – 5 300 млрд. теңге несие, өз қаражаты 350 млн.тенге. Жоба қуаттылығы - 10000 тонна/жылына, Ашылатын жұмыс орны – 15.
СТФ-сы 2025 жылғы 1 тоқсанда пайдалануға берілу жоспарлануда. VanDerPloeg (Нидерланды) компаниясы арқылы 800 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды қашарлар алып келеді.
«Рад-Агро» ЖШС –жоба құны 3 131 млрд теңгеге 600 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын салу үшін құжаттарын тапсырды. Жоба қанағаттандырылды, қаржы күтуде. Жоба қуаттылығы - 2500 тонна/жылына, Ашылатын жұмыс орны – 12.
2024 жылы 5 ұңғымалы құдықтар қазу тапсырмасы берілді. Қазылғаны 5 құдық тапсырма 100 % - ға орындалды. Атап айтатын болсақ Тәңірберген а/о «Жайсаң а/о «Нурбик» ш/қ-1 құдық, Тәңірберген а/о «Сагдат» ш/қ-1 құдық, Байнассай а/о «Назерке» ш/қ-1 құдық , Мәртөк а/о «Саги Ком» АӨК-тері -1 құдық қазды.
2024 жылға бордақылау алаңдарына бұқашықтар тапсыру тапсырмасы 2283 бас. Күні бүгінге 103 бас ірі қара мал (Алға ауданы "AgroMax2030"ЖШС) тапсырылды. Олар Аққұдық а/о «Ерсултан» ш/қ-35 бас, Жайсан а/о «Нурбик» ш/қ-4 бас, Родниковка а/о «Санжар и К» ш/қ-23 бас, Тәңірберген а/о «Рад Агро» ЖШС-25 бас, «Ақжол» ш/қ-16 бас.
2024 жылға Ірі қараның аналық басын тұқымдық түрлендіру тапсырмасы 8000 бас. Бүгінгі күнге 9357 бас аналық тұқымдық түрлендіруге қатысуда. Яғни тапсырма 116,9% ға - орындалды.
Ұсақ қара малдың аналық басын тұқымдық түрлендіру тапсырмасы 3091 бас. Бүгінгі күнге 2323 бас аналық тұқымдық түрлендіруге қатысуда. Тапсырма 75,1% - ға орындалды. Жыл соңына дейін 100 пайызға орындалатын болады.
Мәртөк ауданы бойынша 2024 жылы барлығы 135 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу тапсырмасы берліді, оның ішінде 34 трактор (сатып алынғаны – 32 трактор), жер өңдейтін техникалар – 16 ( сатып алынғаны – 13 дана), дәнсепкіштер -12 (сатып алынғаны – 12 дана), Егістік кешені – 4 дана (сатып алынғаны - 1), астық ору комбайыны – 4 дана (сатып алынғаны - 4 дана), Азық дайындайтын техникалар – 61 дана (сатып алынғаны – 57 дана