Мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру - ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізетіні анық.
"Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сі арқылы 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 1) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру; 2) сауда-саттықты(аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу; 3) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 4) жер учаскесін алу үшін кезекке қою; 5) жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп немесе бөліп төлеу арқылы сату. Осы көрсетілетін қызметтердің түрін алу үшін стандартқа сәйкес құжаттар қажет етіледі. Хазірет ауылдық округінде газ өткізуге байланысты 2025 жылы өтінімдер саны артып келеді Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында « Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендттермен жабдықталған және ауыл ішінде мемлекеттік қызметтер бойынша банер ілінді Мекемеде мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты маман бекітілген. Регламентке сәйкес жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс уақыты 13:00-ден 14: 00-ге дейін. Әкімшілік ғимарат Хазірет ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі 20 мекенжайында орналасқан.Сенім телефоны 87132983840.