Назар аударыңыз! Ашық НҚА

Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 138 «Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 138 «Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қобда ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:   

  1. Қобда ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 138 «Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8237 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Қобда ауданы әкімдігінің

20 __ жылғы «__» ______ қаулысына қосымша

 

 Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 138 қаулысына қосымша

 Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

     

№№

 

 

Лауазымдардың атауы

Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

2

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының (директорының) орынбасары

3

Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

4

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК кітапхана меңгерушісі (басшысы)

5

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі

6

Аккомпаниатор, концертмейстер, барлық атаудағы әртістер, режиссер ассистенті, балетмейстер, кітапханашы, библиограф, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, музыкалық әрлеуші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), суретші, продюссер, режиссер, қоюшы режиссер, вокал бойынша дайындаушы, ұжым (үйірме) басшысы

7

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: аранжировщик

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының директоры

2

Емдік дене шынықтыру инструкторы

3

Еңбек терапиясы жөніндегі инструктор

4

Музыка жөніндегі инструктор

5

Психолог

6

Массаж жасаушы

7

Медбике

8

Әлеуметтік қызметкер

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ММ-мемлекеттік мекеме;

МҚК-мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.