Аудан әкімі І.Тынымгереевтің аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі І.Тынымгереевтің аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтауы

  Құрметті жерлестер!

Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың, татулық пен түсіністіктің жарқын мерекесі - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз – табиғаттың оянуы, жаңару мен үйлесімділіктің белгісі.
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды.
Ырыстың – ынтымаққа, берекенің – бірлікке бітетінін аудан халқы жақсы біледі, қадірін терең түсінеді. Достығы мен бірлігі жарасқан қобдалықтар бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып тату-тәтті өмір сүруде. Осынау игі жолда еңбек етіп, тер төгіп жүрген баршаңызға тек жақсылық тілеймін! Ұлыстың Ұлы күні әрбір шаңыраққа бақыт, құт-береке әкелсін!

Ендеше, өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкелген Әз Наурыз құтты болсын! Мереке елімізге тыныштық, әр отбасына жылулық сыйласын!


Қобда ауданының әкімі            Ізгілік Тынымгереев