Қобдада жаңа үйлердің кілттері табысталды

Қобдада жаңа үйлердің кілттері табысталды

Ауданымызда республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа 8 тұрғын үй сатып алынып, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға кілттері табысталды. Бұл қуанышты оқиға аудан тұрғындары үшін үлкен маңызға ие.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қанат Мыңбаев кілттерді табыстау салтанатында қуанышқа бөленген жаңа үйлердің иелерін құттықтап, шаңырақтарына құт-береке тіледі.

Жаңа үйлердің кілтін алған тұрғындар бүгін жаңа өмірге қадам басып, өз үйлерінде бақытты өмір сүруге мүмкіндік алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.