Сыбаға” ұлттық дәстүрлер фестивалінің екінші күнінде Қобда ауданында “Дәуір дефилесі” атты ұлттық сән үлгілерінің көрсетілімі өтті.
Шара барысында 60-қа жуық киім үлгілері таныстырылып, “Белсенді өмір сүру орталығының” қолөнер бұйымдары көрермен назарына ұсынылды.
Шараға облыстық “Қазақ аналары – дәстүрге жол” ҚБ-нің өкілдері арнайы шақырылды. Қобда ауданында жалғасын тапқан тағылымды шараның жас өрендерге өнегелі ғибраты, ұлттық патриотизмді насихаттаудағы маңызы орасан.