Ақтөбе облысының Қобда ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысының Қобда ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Комиссия су тасқынынан болатын залалды анықтайды.

Қазіргі уақытта су басқан үйлер туралы мәліметтер тіркелген. Құтқару жұмыстары жалғасуда. Қобда ауданының әкімі Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.

"Қобда аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы кезектен тыс отырыс өткізді. 28 наурыздан бастап Қобда ауданының аумағында төтенше жағдай жарияланды. Қобда өзені арнадан шығып, ауылдың батысындағы үйлерді су басқан. Су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмек көрсетіледі. Сол жерде комиссия жұмыс істейді", - деді аудан әкімі Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы.