Қобда ауданында "Ауыл аманаты" жобасы қарқынды дамып келеді.

Қобда ауданында "Ауыл аманаты" жобасы қарқынды дамып келеді.

        Мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандардың қатары күн санап артуда.
Бүгін "Ақтөбе Медиа" ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы, ҚР мәдениет қайраткері, білім саласының үздігі Раукен Отыншин, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының докторы, профессор Алтай Тайжанов, Ақын, "Ақтөбе" ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Ашур Алмасов, "Ақтөбе" облыстық газетінің жауапты хатшысы Мұратбек Ержақыпов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының шағын несиелеу бөлімінің басшысы Бағдат Қожамұрат, "Ақтөбе Медиа" ЖШС директорының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Айгүл Нұркеева және Ақтөбе облысының тілшілері Қобда ауданына жұмыс сапарымен келді.
        Аудан әкімінің орынбасары Қанат Мыңбаев «Ауыл аманаты» жобасына сәйкес ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жобасының іске асырылу барысымен таныстырды. Бұлақ ауылдық округінің, Әлия ауылының тұрғыны Нұржауған Толебаева бау-бақша өсіріп, бақ салу туралы арманын жүзеге асыру үшін жоба қатысушысы атанған.
Жоба қатысушысы Талдысай ауылының тұрғыны Айнагүл Аманшеева құс шаруашылығын қолға алды, ол 2.700млн тг несие алды.
        Жұмыс тобы Қобданың тұрғыны Данияр Өтегеновпен кездесті . Ол «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылда дизайнерлік кілем тоқу цехын ашты.
        Жобаның тағы бір қатысушысы Аружан Жұмағалиева отбасымен бірге құс шаруашылығымен айналысуды қолға алған.
        «Ауыл аманаты» жобасымен танысып, қызықтырған сұрақтарын қойып, бизнес идеяларымен бөлісті, жобаны жетілдіру бойынша ұсыныстарын да жеткізді. Кездесуде "Ауыл аманаты -бабалар аманаты"жобасының қатысушыларыалғыс хаттармен марапатталды.