1 наурыз – Алғыс айту күні

Мейірімділік пен қамқорлықтың, ізеттілік пен сыйластықтың мерекесі — Алғыс айту күніне орай аудан әкімі Б.Кулов 93 жастағы тыл ардагері Фоменко Ольга Гавриловнаны шаңырағына құттықтап барып, "Ауданға сіңірген еңбегі үшін" медалімен наградтады. Ғасырға жуық өмір сүріп, талай соқпақты кезеңді артқа тастаған әжейге мықты денсаулық тілеп, алғыс білдірді.
Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада дәл осындай медальді ұлағатты ұстаз, ауданымыздың білім саласының ардагері Нәкешева Сәнімжан Сағынқызына табыстап, сан қилы салада еңбегін ел-жұртына арнаған қарапайым еңбек адамдары мен елжанды қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік шарада жерлестерімізге ауызбіршілігі мен ынтамақ-бірлігі үшін ризашылық білдіріп, еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын тіледі.