«Ауыл аманаты» жобасы - ауылды дамытудың кепілі

Мемлекет Басшысының "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" аясында "Ауыл аманаты" жобасының алға қойған міндеттерін түсіндіру мақсатында Мәдениет үйінде кеңейтілген аудандық семинар өтті.
Ауқымды ақпараттық науқанды өткізу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сарсембай, облыстық мәслихат депутаттары Асқар Садықов, Әсел Құлдыбаева қатысты.
Басты мақсат – халықты кәсіпкерлікке тарту, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Биыл "Ауыл аманаты" жобасы аясында 2.5 пайызбен жеңілдетілген несие беру көзделуде. Жобаға қатысуға кез-келген адам өтініш бере алады, ұсынылған бизнес жоспардың тиімділігі, ерекшелігі ескеріледi. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе — 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз — 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Семинар соңында тұрғындар тарапынан жеңілдетілген несие алу, бизнес жоспарлар құру, өзге де өзекті сұрақтар қойылып, жауаптарын алды.