«Жарқыра Қазақстан! Жадыра, туған жер!» атты Президент шыршасы өтті.

Ауданымызда жылдағы дәстүр бойынша бүлдіршіндерге арналған «Жарқыра Қазақстан! Жадыра, туған жер!» атты әлеуметтік қорғалмаған балаларға арналған Президент шыршасы өтті.
Аудан әкімі Б.Кулов балалардың қуанышымен ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балаларға қыстық киімдер, Ақтөбе қаласына және аудан орталығына ойын-сауық орталықтарына жолдамалар мен тәттілер табыстады.
Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті. Зерделі де зерек, білімді де білікті болу үшін жасампаз істердің барлығы балалардың жарқын болашақтары үшін арналатыны сөзсіз.