«Көздің нұры, көңілдің гүлі - балалар» атты балалар фестивалі

«Көздің нұры, көңілдің гүлі - балалар» атты балалар фестивалі

Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев «2022 жыл - Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, бүгін ауданымызда кең көлемде «Көздің нұры, көңілдің гүлі - балалар» атты балалар фестивалі ұйымдастырылды.

Шараға облыстық мәслихат депутаты Г.Қ. Ергазина, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми - тәжірибелiк қосымша білім беру орталығының директоры Ж.Ж.Есенжолова, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының директоры А.З.Нигматуллина, Ақтөбе облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Шаңырақ» қоғамдық қорының төрағасы Е.К.Аймағанбетов, «Қоғамдық келісім» КММ ұлтаралық қатынастар бөлімінің басшысы М.М.Нурмагамбетов арнайы қатысты.

Аудан әкімі Б.Кулов балалар мерекесінде балаларды жарқын болашағымен құттықтап, арнайы шақырылған қонақтармен бірге білім, өнер, спорт салаларындағы жарыстардан орын алған оқушыларды марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар бұл күні Терісаққан ауылында аудандық бюджет қаражаты есебінен салынған спорт алаңы қолданысқа беріліп, жас спортшы өрендерге де тарту жасалды.