ЖАСТАР ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЫН ТАЗАРТТЫ

Киелі Қобда аймағының табиғаты тамаша, өзен-көлге бай. Сол табиғи су қоймалары да ұдайы аялауды, тазалықты қажет етеді. Көктем айы басталғалы, аудан әкімдігі тарапынан сенбіліктер ұйымдастырылып, санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.
Жеңіс күнінің қарсаңында жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен Қобда өзенінің жағасын тазарту акциясы ұйымдастырылып, жастар өзен жанын қоқыстан тазартты. Жалынды жастардың игі ісі жаз бойы жалғасын табады. Осындай ауыл-елдің көркіне жастардың кеңінен тартылып, табиғатты жанашырлық танытқаны тәрбиенің де көзі деп білеміз. Ауыл-елдің тазалығына жастармен қатар аға буын ақсақалдарымыз да жиі атсалысып жүр.