ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу мақсатында есепті жылы ауданымызда әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелер шешімін тауып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған кешенді іс шаралар жалғасын тапты. Аудан экономикасына барлығы 5,9 млрд теңгекөлемінде инвестиция тартылып, өсім 117%-ды құрады.Құрылыс-монтаж жұмыстарының өсімі110% межеге жетіп,9284 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жергілікті бюджетке түскен салық көлемі 629 млн теңгеніұрап, өсім 106,8% болды. Орташа айлық 134 079 теңге, өткен жылмен салыстырғанда өсім 127,8%-ды құрады.
Ауданымыздың басты бағыттарының бірі – ауылшаруашылығы саласы.Ауылшаруашылыққұрылымдарыныңбірлескен жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылы ауданымыз облыс көлемінде «Ауылшаруашылығы саласындағы озат аудан» деп танылды.Есепті мерзімде жалпы өнім көлемі 24 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдан 4%-ға жоғары. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімі2,4%, мал шаруашылығы өнімінің өсімі4,6%-ғажетті.
Мемлекет тарапынан мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын және оның өнімділігі мен сапасын арттыруға ауылшаруашылық құрылымдарына 2 млрд теңгеге жуық субсидия төленді.
2020 жылы шаруашылықтардың жұмысын жандандырып, олардың негізгі қорларын көбейту үшін салаға барлығы 1,3 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есегежоғары.Шаруашылықтар 22 дана трактор,11Joone Deere,2 егін егу кешені мен әр түрлі ауыл шаруашылық агрегаттарын,1400 басқа жуық асылтұқымды мал сатып алды.
Сонымен қатар мал басын көбейту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша1557 бас ірі қара мал (жоспар 173% орындалды) және 3343бас қой (орындалуы 159,2%) сатып алынды.
Ауылшаруашылық құрылымдары есепті жылы 18255 га жерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізді, оның ішінде 7293 га дәнді дақылдар,2403 га майлы дақылдар, 597 га бау-бақша егілді. Егіс алаңын химиялық өңдеу мен тыңайтқыштарды қолдану нәтижесіндешаруашылықтар 9714 тн астық жинап, орташа түсім гектарына 10,5 центнерді құрады.
Сондай-ақ, 4689 тн картоп, 4708тн көкөніс және 4380 тн бақша өнімдері алынды.
Осы жылдың егін өнімділігін арттыру мақсатында ауданымыздың климаттық ерекшеліктеріне сәйкес өткен жылы 2120 га жерге күздік дақылдар егілді (1760 күздік бидай, 360 га қара бидай).
Аудан аумағында ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану мақсатында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде есепті жылы барлығы 24 628 гектар игерілмеген жер мемлекеттік қорға қайтарылды және конкурс арқылы 98 жер пайдаланушыға 160 404 га берілді.
Аудан көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда.Бүгінгі таңда 1367 (74 заңды тұлға, 771 шаруа қожалығы, 522 жеке кәсіпкер) кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 1297 немесе 98% белсенді жұмыс жасауда. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 112,6 %, оның ішінде белсенділердің өсуі 109,8 %-ды құрап отыр.
2020 жылыкәсіпкерлік субъектілерін қолдауға мемлекет тарапынан 1,1 млрдтеңге көлемінде 100-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер беріліп, қолдау шаралары алынды. Өсу қарқыны 137,6%.
Соның ішінде:
-«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 11 жобаға238,8 млн.теңге (субсидиялау, өндірістік инфрақұрылымды дамыту,мемлекеттік грант);
-«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 7 жоба 358,1 млн.теңге;
-«Еңбек» бағдарламасы бойынша 71 жоба 341,0 млн теңге;
-«Агробизнес» бағдарламасы бойынша 3 жоба 58,1 млн.теңге;
-«Агротехника» бағдарламасы бойынша 8 жоба 59,2 млн.теңге;
-«Кең дала» бағдарламасы бойынша 48,0 млн.теңгенің1 жобасы несиелендірілді.
Көрсетілген мемлекеттік қолдау нәтижесінде жалпы сомасы 262,0 млн. теңге құрайтын 11 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 46 жаңа жұмыс орындары ашылды (супермаркет, жол бойындағы сервистік қызмет көрсету объектілері, стоматология т.б.).
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 67 сауда орындарымен 10 % үстеме бағадан асырмау жөнінде меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар есепті мерзімде 49ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 91,5 млн. теңге көлемінде арзан бағамен ауылшаруашылық өнімдері ұсынылды.Бөлшек сауда көлемі 2,5 млрд теңге құрады, өсім 120,6 %.
Өткен жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында аудан орталығында жалпы құны 568 млн теңгені құрайтынтөрт 16 пәтерлі үй салынып, кезекте тұрған азаматтарға 64 пәтер берілді.Сонымен қатар республикалықбюджет қаражаты есебінен 16,8 млн теңге бөлініп, Талдысай, Әлия, Бесқұдық ауылдарынан бес көп балалы азқамтылған отбасыға тұрғын үйлер сатып алынды.
Егіндібұлақ ауылында құны 253млн теңгеге оқу – сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Аудандық бюджет есебінен аудан орталығынанмұражайсалу және өнеркәсіптік аймаққа инженерлік желілер жүргізу жұмыстары басталды. Биылғы жылы аталған нысандардың іске қосылуы күтілуде.
Аудан тұрғындарының 75,2 %-ытаза ауыз суды пайдаланады.Есепті жылы Жарсай ауылына су құбырының құрылысын жүргізуге жобалық құжаттар дайындалып, 2021-2022 жылдары іске асырылады деп жоспарлануда.
Сонымен бірге ауыл тұрғындарының саны 200 тұрғынға дейінгі елді мекендерде кешенді модуль блоктар орнатылады. Биылғы жылы бұл жұмыстар 12 елді мекеннің үшеуінде: Қанай, Қаракемер, Қоғалы ауылдарында жүргізіледі.
Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған жұмыстар ауданымызда кезең-кезеңімен жалғасын табуда. Көгілдір отынмен қамтылу көрсеткішіаудан бойынша 55 %.Биылғы жылы Сарыбұлақ ауылының газдандыру жұмыстарыаяқталып, Жаңаталап, Терісаққан, Жарсай ауылдарын көгілдір отынмен қамту үшін қажеттіқұжаттамалар әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді.
Автомобиль жолдарын жөндеуге есепті жылы 2,7 млрд теңге қаражат игеріліп, барлығы 65шақырым жол жөндеуден өтті. Оның ішінде облыстық маңызы бар Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұзтөбе бағытындағы 25 шақырым, аудандық маңызы бар 15,4 шақырым(Бұлақ ауылына 13,8 шақырым және Бесқұдық ауылына 1,6 шақырымкіреберіс жолдары) автомобиль жолдары күрделі жөндеу өтті. Сонымен қатар ауданаралық Қобда-Мәртөк бағытындағы автомобиль жолының 30 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қобда ауылының 3 ауылішілік жолдары: Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев, А.Әкімжанов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға бағытталған Кешенді жоспар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, 2834 азамат жұмыспен қамтылды (2019ж-1976 адам). Соның ішінде 78 азамат қысқа мерзімді оқыту курстарына, 168 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 127 түлек жастар тәжірибесіне жолданды. «Жасыл ел» бағдарламасына 353 жас, ақылы қоғамдық жұмыстарға 256 азамат тартылып, 690 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Тұрақты негіздегі жұмыс орындарына1624 адам орналастырылып, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыру және кәсіпкерлікті дамыту үшін82 азаматқа 42,4 млн теңге көлемінде (әрқайсысына 555 мың теңгеден) қайтарымсыз гранттар берілді. «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқуға 78 азамат жолданды.
Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 71 азамат 340,9 млн. теңге көлемінде шағын несие алды (жоспар 297,6 млн теңге).
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясындағы барлығы 800 млн теңгеге 12 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыссыздар қатарынан130 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды (орындалуы 111%).
Өңірде жұмыссыз азаматтарды жедел жұмысқа орналастыру мақсатында жүйелі түрде 14 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 2556 жұмыс іздеп келген азаматтардың 96,4 %-ы жұмыспен қамтылды.
Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында2020 жылы 107 отбасындағы 529 адамға28,2 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Төтенше жағдай кезінде(наурыз-тамыз айлары аралығында) осал топтарға жататын 4772 азаматқа қаржылай түрде 38,8 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде 4435 уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға42500 теңгеден жалпы соммасы 381,4 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді.
Өмірлік қиын жағдайларға тап болған, айлық табысы күнкөріс деңгейінен төмен 24 отбасыға жалпы соммасы 3,3 млн. теңгені құрайтын 140 мың теңгенің көмегі берілді.
Республикалық «БІЗ БІРГЕМІЗ» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен 521 отбасыға 5,7 млн теңгеге азық-түлік, 2740 дана медициналық маска және тұрмыстық тауарлар түрінде қайырымдылық көмектер көрсетілді.
Індет кезінде ауданымыздың шаруа қожалықтарының басшылары да кең пейілдік танытып, 261 азқамтылған отбасыға, жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және көпбалалы отбасыларға 1 500 кг (3 бас ірі қара, 35 бас қой)тегін еттаратылды.
Аудан орталығында І топтағы мүмкіндігі шектеуліжандар мен ерекше жағдайды қажет ететін балаларға «Инватакси» қызметі жұмысын бастады.
Сапалы білім беру, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру - еліміздің білім саласын дамытудың басты басымдықтарының бірі. Әлемді алаңдатқан пандемия жағдайында білім беру жүйесі дәстүрлі түрден онлайн форматқа икемделді.Қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен 678 дана, жергілікті бюджет есебінен 50 дана ноутбук алынды. Нәтижесінде, жалпы аудан бойынша әрбір үш балаға 1 компьютерден тиесілі болды.
Интернет желісімен қамтылмаған елді мекендердегі оқушыларды онлайн біліммен қамту мақсатында қосымша 220 роутерлер сатып алынды.Мектеп оқушыларын оқулықпен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 38,7 млн.теңге бөлініп, оқушылар 100% оқулықпен қамтылды. Аудан бойынша 25 жалпы білім беретін мектепте 2596 оқушы білім алуда. Білім сапасы 61,4% (облыс-61,2%) құрайды.
Қазіргі таңда аудан мектептерінде 44 баланың инклюзивті білім алуына жағдай жасалып, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 50 балаға оңалту көмегі көрсетіледі. Аудан бойынша әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардың 626 оқушысы 100% ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Мектептер 100 % бейнебақылау (492) жүйесімен қамтылған, барлығында ішкі дәретхана жүйесі жасақталды. Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Бегалы НМ-не 67 млн теңге,И.Білтабанов атындағы ОМ-не 86 млн теңге жәнежергілікті бюджет қаражаты есебіненӘ.Молдағұлова атындағы ОМ-не 14 млн теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар бүгінгі таңға мектепке дейінгі біліммен 952 бала немесе қамту көрсеткіші 99,8%-ды құрап отыр.
Аудан бойынша есепті мерзімдедемографиялық өсім байқалды.2020 жылы 300 нәресте дүние есігін ашып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға артты.
Алайда індеттің салдарынан өлім-жітім көрсеткіші 21,6 %-ға көбейді.
Денсаулық сақтау саласының негізгі талаптарының бірі – ана мен бала өлімін болдырмау. Ана өлімі есепті мерзімде тіркелген жоқ.
Нәрестелік өлім көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға төмендеді.
Тұрғындардың флюорографиялық тексеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жылжымалы флюорографияелді мекендерге шығып, нәтижесінде 2113 адам тексеруден өтті. Туберкулез аурушаңдығы 1жағдайға өсіп отыр.
Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуде денсаулық сақтау саласын мамандандырылған қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің маңызы зор. Есепті жылы ауданымызға 6 дәрігер, 2 орта буынды қызметкер жұмысқа қабылданды. Дегенмен әлі де болса онколог, офтальмолог дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады.
Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 130,5 млн теңгеге Жиренқопа, Ақырап дәрігерлік амбулаториялары және аудандық аурухананың инфекция бөлімшесі күрделі жөндеуден өтті.
Сонымен бірге 245 млн теңгеге материалдық-техникалық базаны жаңарту жұмыстары жалғасып,узи, маммограф, рентген аппараты,2 реанимобиль,жедел жәрдем көлігі және негізгі қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынды.
Қобда ауданы бойынша барлығы 44 мәдениет ошағы жұмыс жасайды. Індет кезінде мәдениет нысандары жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Жыл бойына366 шара дәстүрлі түрде өтсе, 1079 шара онлайн режимде өткізілді.
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға оның ішінде от жағу қазандығы, генератор, су сорғылары, музыкалық аппаратура, жиһаз, кеңсе жабдықтарын сатып алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен 35,5 млн теңге, аудандық мәдениет үйі шатырының күрделі жөндеу жұмыстарына 11,3 млн. теңге, И.Білтабанов ат.ауылдық мәдениет үйінің және Егіндібұлақ ауылындағы Жастар Үйінің газдандыру жұмыстарына 14,5 млн теңге қаржы бөлініп, игерілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Қызылжар ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізуге 56,1 млн.теңге, Терісаққан ауылдық клубының құрылысына 78 млн.теңгебөлініп, халық игілігіне қолдануға берілді.
Аудан кітапханаларында кітап қоры 266453 дананы құрап отыр. 2020 жылы жергілікті бюджеттен кітап қорын толықтыруға2,7 млнтеңге жұмсалды.
Аудан бойынша бұқаралық спортпен айналысу көрсеткіші 33 %-ды құрайды.
Ауылды елді мекендерді заманауи спорт алаңдарымен қамту, жастарды бұқаралық спортқа баулу мақсатында аудандық бюджет есебінен –17,8 млн теңге бөлініп, Қызылжар, Жарсай, Бесқұдық ауылдарында жаңа спорт алаңдары салынып, қолданысқа берілді. Ал Ақырап, Талдысай ауылдарында демеушілік есебінен спорт алаңдары салынуда. Бұл жұмыстар биылғы жылы да Өтек, И.Білтабанов, Сарбұлақ ауылдарында жалғасын табатын болады.
Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында аудан мектептері жанынан хоккей кордтары жасақталып, аудандық бюджеттен қажетті спорт жабдықтарын алуға қаражат қарастырылды.
Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 4541 жас бар, бұл аудан халқының 25 %-ын құрайды.
Жастар саясатының негізгі бағыты NEED санатындағы және маргинал санатындағы жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік ортаға бейімдеу болып табылады. Есепті жылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы арқылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 22 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқып, сертификаттарын алды. Сонымен бірге 19 жас қаржылай грант ұтып алса, 17 жас кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында жеңілдетілген несиеге ие болды.Жалпы ауданда тіркелген кәсіпкер жастардың саны 147 жасты құрайды (Жалпы тіркелген ШОБ 11 % үлесі).
Жастарды еңбекке баулу бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 353 жас«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша маусымдық жұмыспен қамтылса, аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы қосымша 60 жас (40 студент, 20 оқушы) маусымдық жұмыстарға қатысты.
Аудан аумағында криминогендік ақуалды тұрақтандыруға, қылмыстың алдын алу, қоғамдық орындармен көшелерде қылмысты болдырмау мақсатындаалдын алу арнайы профилактикалық іс шаралары жүргізілді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған іс-шаралар нәтижесінде тіркелген жалпы қылмыстық құқық бұзушылықсаны 25,1%-ға (131-ден 98-ге дейін) төмендеді. Аса ауыр қылмыс тіркелген жоқ, ауырлығы орташа қылмыс 58,5%-ға (82-ден 34-ке), жалпы ұрлық саны 66,6%-ға (84-тен 28-ге) төмендеді. Алайда кәмелеттік жасқа толмаған жастармен жасалған қылмыстар саны өкінішке орай1 жағдайғакөбейді.
Сонымен қатар есептік кезеңде 2019 жылмен салыстырғанда мал ұрлығыныңсаны 35,2%-ға(34-тен 22-ке) төмендеп,ашылуы 12,1%-дан 40,7%-ға дейін көтерілді.
Есепті жылы мемлекеттік мекемелермен қызметтердің 86 түрінен 7,1 мың қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы үлесі 61 %-ды құрады.
Аудан орталығында тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасалып, мемлекеттік қызметтерді бір жерден алу мақсатында «Сервистік әкімдік» ашылып,қызмет көрсетуде.