Меню

Страницы

Статья

Қызмет алушылардың құқықтары қорғалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру.

           Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық орган болып табылады.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында белгіленген.
         Заңның 25-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым 5 жұмыс күні, ал Департаментке келіп түскен шағым 15 жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.

         Жыл басынан бастап Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты өтініштерді қарау нәтижесінде 10 жеке және заңды тұлғаның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

         Атап айтқанда, қолданыстағы Заңнамаға сәйкес жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беретін құжат жергілікті әкімдікпен берілуі тиіс.

         Алайда, қала тұрғынының өтініші негізінде жер қатынастары бөлімімен жерге орналастыру жобасы 2023 жылдың 3 наурызында бекітілгеніне қарамастан, Әкімдікпен қаулы тамыз айына дейін шығарылмаған.

         Департамент жүргізген тексеріс нәтижесінде, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, яғни әкімдіктің қаулысы шығарылды.

          Осы тұрғыда тағы бір мысалды келтіруге болады.

Әкімшілік полиция басқармасымен көлік құралдарын есептен шығару бойынша қызмет көрсетудің теріс нәтижесі қабылданды.

Көрсетілетін қызметті алушыға «айыппұлдар бар» деген негізбен, көлікті есептен шығарудан бас тартылған.

Алайда, тексеру қорытындысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының темір жол саласы бойынша салынған әкімшілік айыппұлдың төленбегендігіне байланысты көлік құралдарын есептен шығарудан негізсіз бас тарту берілгендігі анықталды.

Ал, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл болған жағдай да ғана бас тартуға негіз болады.

Осылайша, Департамент тарапынан жүргізілген жұмыс нәтижесінде көлік құралдарын есептен шығару арқылы көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы барлық өңірде агенттіктің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған «Telegram» арналары іске қосылған болатын.

Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды «Telegram» парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген (https://t.me/+b3bQ0VXeN55mYzIy).

Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады.

Дата публикации
28 марта 2024
Дата обновления
28 марта 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Финансовая стабильность важна на каждом этапе жизни.
13 октября 2026
Указ Президента РК
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы