Меню

Страницы

Статья

М.Оспанов атындағы БҚМУ мұражайында Серік Ақшолақовқа арналған экспозиция ашылды

Бүгін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің мұражайында әлемдік деңгейдегі нейрохирург Серік Ақшолақовқа арналған «Ел мақтанышы» атты экспозициялық көрме ашылды.

Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, өңірдің медицина саласының өкілдері қатысты.

Өңір басшысы өз сөзінде Серік Ақшолақов кәсібіне адал маман, шеберліктің жоғары деңгейінің үлгісі екенін атап өтті.

«65 жылдық тарихы бар, біртуар қоғамдық-саяси қайраткер, тәуелсіздігіміздің  берік іргетасын қалыптастырушылардың бірі Марат Оспановтың есімін иеленген білім ордасының шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етуде.  

Олардың ішінде профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері», Қазақстандағы нейрохирургиялық қызметтің негізін қалаушы Серік Қуандықұлы Ақшолақовтың алар орны ерекше.

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін Серік Қуандықұлы маман, ғалым ретінде қалыптасудың барлық кезеңдерінен өтті.

Алдымен хирург және травматолог болып жұмыс істегеннен кейін Серік Қуандықұлы 1978 жылы өзінің өмір бойғы кәсібіне айналған нейрохирургия жолындағы қызметін бастады. Содан бүгінгі күнге дейін сол салада халқымызға адал қызмет етуде», - деді Ералы Тоғжанов. 

Серік Ақшолақов өзіне көрсетілген құрмет, ықылас үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, БҚМУ-да Серік Ақшолақовтың атаулы стипендиясы тағайындалып, биылғы оқу жылында жалпы медицина факультетінің студенті Амангүл Довлетова стипендия иегері атанды.

Профессор Ақшолақов ми мен жұлынға жасалатын ең күрделі нейрохирургиялық операциялар жасайды. Ол Қазақстанда бірінші болып микронейрохирургия, эндоскопиялық нейрохирургия негіздерін енгізді, алғаш рет нейронавигацияны қолданды, эпилепсияны жедел емдеуді жүзеге асырды.

Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылғалы 40 мыңнан астам ота жасалған. Қазақстан Республикасы Ұлттық орталығының қызметін өз нәтижелері бойынша үздік шетелдік нейрохирургиялық клиникалармен салыстыруға болады. Бұл – Серік Қуандықұлының өз еліне деген жемісті еңбегінің басты нәтижесі. Серік Қуандықұлының баспа қоржынында 300-ден астам ғылыми еңбек бар, оның ішінде 100-ге жуығы шетелдік журналдарда басылып шықты; 19 монография және 13 патенттің авторы. Ғалым клиникалық және ғылыми кадрларды дайындау ісінде белсенді.  Оның басшылығымен 5 докторлық және 29 кандидаттық диссертация қорғалды.

Дата публикации
29 мая 2023
Дата обновления
29 мая 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Финансовая стабильность важна на каждом этапе жизни.
13 октября 2026
Указ Президента РК
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы