Өтек ауылдық округінің ережесі

     «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі  әкімінің  аппараты» мемлекеттік  мекемесі  туралы ереже

     Жалпы ережелер

    «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ (бұдан әрі –әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің  (бұдан әрі- әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан  Республикасының  заңнамасында көздерген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемелекеттік мекеме болып табылады.

     Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  және  заңдарына,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметінің  актілеріне,  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге,  сондай-ақ  осы  Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге  асырады.

Өтек ауылдық округінің ережесі
Дата публикации
12 января 2023