
2022 жылы
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
«Кәсіпкерлік – экономиканың негізгі күретамыры». Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңға тіркелген 1509 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 1476-сы белсенді жұмыс жасайды.
«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 112 жоба мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отыр. Оның ішінде 50 жобаның 172,4 млн.теңге несиесіне субсидиялау, 55 жобаға 233,1 млн.теңге кепілдендіру қызметі көрсетілді, 4,2 млн.теңгеге 1 мемлекеттік грант ұсынылды, сондай-ақ жетіспейтін инфрақұрылымды дамыту бойынша 2 жоба 60,9 млн.теңгеге ("Қоңыр-Кете" ШҚ және «Терісаққан» ШҚ электрмен жабдықтау құрылысы) жүзеге асырылды және жалпы құны 396,2 млн. теңгені құрайтын 12 жоба мақұлданды, 1 жоба қаралу үстінде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 70 сауда орындарымен меморандумға қол қойылды.
Есепті мерзімде аудан көлемінде 26 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, 91,2 млн. теңге көлемінде арзан бағамен ауылшаруашылық өнімдері ұсынылды.
I тоқсан 2023ж
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Ауданымызда шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалып, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 1506, оның 1474-і белсенді жұмыс жасауда. Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген субъектілер саны өсу қарқына 104%, оның ішінде белсенділердің өсуі 104,4% құрады.
Ауданда тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру үшін барлық қажетті шаралар алынып отыр. 2023 жылдың қаңтар айында негізгі азық-түлік тауарларының бағалары талқыланып, аудан әкімдігі және ауданың 60 дүкендері мен негізгі азық-түлік тауарларына қосылатын үстем ақысы 10 % - дан аспайтындығы туралы Меморандумға қол қойылды. 2023 жылдың І тоқсан кезеңінде орташа есеппен баға өсімі 12-14% құрады. Жана жағар май бағасы тұрақты.
Баға тұрақтылығын қадағалау үшін, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен тиісті мониторингтік іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Нәтижесінде, қаладан келетін бастапқы тауар бағасының өсуі фактілері анықталуда. Осыған байланысты 2023 жылдың бірінші тоқсанында кәсіпкерлік бөлімі аудандық мәслихат депутаттарымен, ақсақалдармен бірлесіп, ауданның сауда нысандары арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыздан аспайтын сауда үстемеақылары бойынша түсіндірме іс-шаралары жүргізілді. Сондай-ақ бұл іс-шаралар ауылдық округтерде ауыл әкімдері мен ауыл ақсақалдарының сүйемелдеуімен өтті.
Және ауылдық округтерге көшпелі рейдтер жүргізіледі. Ішкі сауда субъектілерінің иелеріне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 204-4-бабына сәйкес шекті сауда үстемесінің белгіленген мөлшерінен асып кету фактісі анықталған кезде әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп 90-нан астам хабарламалар таратылды.
Кәсіпкерлерді қолдаудың «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылдың I тоқсанда 1 жоба мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отыр. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша ауданды 14 жоба, жалпы соммасы 536,1 млн. тг мақұлданып, іске асырылуы жоспарда.
Жеке инвестиция тарту бойынша а.ж ауданымызда шағынмаркет, алкомаркет, демалыс санаторий, жылыжай, автогаз құю станциясы, жол кемпингі, шағын құс фабрикасы, құрылыс материалдар шағын өндірісін ашылуы жоспарлануда.
2023 жылдың басынан ауданда 7 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, облыста - 2.
Өңірде туризмді дамыту мәселелері жөнінде
Облыста туризм саласының дамуына қолайлы, лайықты өз үлесін қосатын бірден – бір аудан, қасиетті батырлар мекені, Қобда болып табылады.
Аудан бойынша 4 тарихи ескерткішке және ішкі туризмді дамыту мақсатында 1 шаруа қожалыққа туристік маршрут жасақталды:
Туризімді дамыту бойынша а.ж Әлия ауылына қарасты жол кемпингі бой көтереді. Келушілерге арналып туристік маршруттар жасалып, іске асырылады.
Бизнес жоспары, кепілдеме болу керек және банк ұсынған құжаттарды жинақтап банкке тапсыру қажет.
Мемлекеттік грантты екінші мәрте ала-алмайсыз.
Зейнеткерлер мемлекеттік грантқа қатыса алмайды.