
Аудан мешіттері
Талдысай ауылдық мешітінің құрылысы 2021 жылы бастау алып, 2022 жылдың қараша айында ашылды. Аумағы – 5000 шаршы метр. Су құбырымен, коммуникация желілерімен, жылу жүйесімен қамтылған. Бір мезетте 100 адам намаз оқи алады. Мешіт жеке кәсіпкер Кугабаев Бауыржан Ыкласовичтың қаражатына салынды. Мешітті «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігіне есепке тіркеу жұмыстары жургізілуде.
«Шәріп молда атындағы» орталық аудандық мешіті құрылған қайырымдылық қоры және кәсіпкер Таңатаров Төлегеннің материалдық демеушілігімен жүргізілді. Мешіттің көлемі 2 800 шаршы метр. Биіктігі мұнарасымен қоса алғанда 18 м. Сыйымдылығы -150-200 адам. Мешіттің сырты безендіріліп, қызыл кірпіштермен қапталған, іші кең, үлкен залы 9х 18 шаршы метр. Мешіттің алдында үлкен көгалдандырылған алаң бар. Газбен жылыту жүйесі, су құбыры тартылған. Мешітке осы өңірде діни қарекетімен белгілі болған Шәріп молданың есімі берілді.
Егіндібұлақ ауылындағы «Бақыт ана мешіті» 2007 жылы қызыл кірпіштен безендіріліп салынған. Мешіттің көлемі 144 шаршы метр, мұнарасының биіктігі 12 метр. Сыйымдылығы - 100 адам. Айналасы қоршалып, абаттандырылған. «Ана» деген әзиз аттың үлгісі болған Сағындық келіні Бақыттың 100 жасқа толуына арнап салынды.
Әлия ауылындағы «Рахман» мешіті батыр қыз Әлия Молдағұлованың туған жері – Әлия ауылында салынған. Архитектуралық сәулеті қазақ даласында орта ғасырларда болған мешіттерге тән. Биіктігі 14 метр болатын сәулетті мешітте бір мезетте жүз адам намаз оқи алады. Мешіт ішінде сауат ашу бөлмесі бар. Мешіт сыртында сексен адамға арналған асхана бар. Мешіт жобасын Түркістан, Самарқан, Екатеринбург қалаларында тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан сәулетшілер жасаған. Қабырғасы Самарқан қаласынан арнайы әкелінген сары түсті кірпіштен қаланып, Қапшағайдан алынған әшекей тастармен өрнектелген. Шынар ағашынан жасалған орталық есіктің өрнектерін шеберлер қолдан ойып жасаған. Мешіттің алдынан қарсы алатын алып баспалдақтың үстіндегі алыстан көрінген есіктің ою-өрнегі сәулетті құрылысқа шығыстық нақыш беріп тұр. Биіктігі 14,5 метр болатын мешіттің бірінші қабатында намаз оқуға арналған ерлер бөлмесі, имамның кабинеті, киінетін бөлме, оған қосымша екі бөлме, азан шақыратын орын бар. Әйелдердің намазханасы екінші қабатта орналасқан, ал астыңғы қабатта діни дәрістер өткізетін медресеге лайық кластар бар. Мешіттің үш күмбезіне орнатылған айшықтары алтындай жарқырап, алыстан көз тартады. Ішінде асханасы, отырып тынығатын орны бар аула қоршалып, қақпасының кіреберісіндегі үнді мәрмәріне ойылып салынған жазбалар ақтөбелік шеберлердің қолынан шыққан. Мешітке су құбыры, коммуникация желілері тартылды, жылу жүйесі табиғи көгілдір отынмен қамтылған. Мешіт жеке кәсіпкер, «Хабар Сервис» ЖШС директоры Мұхтар Әбілқайыровтың қаражатына салынған.
Абылайхан мешіті
Қызылжар ауылындағы Абылайхан мешіті 1991-1993 жылдары Қызылжар ауылында еңбек еткен А.Балмановтың есімімен салынған мешіт. А.Балмановтың атынд көше бар.