Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Аудандық білім беру саласы

Сапалы білім беру, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру - еліміздің білім саласын дамытудың басты басымдықтарының бірі. Әлемді алаңдатқан пандемия жағдайында білім беру жүйесі дәстүрлі түрден онлайн форматқа икемделді. Қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен 678 дана, жергілікті бюджет есебінен 50 дана ноутбук алынды. Нәтижесінде, жалпы аудан бойынша әрбір үш балаға 1 компьютерден тиесілі болды.
Интернет желісімен қамтылмаған елді мекендердегі оқушыларды онлайн біліммен қамту мақсатында қосымша 220 роутерлер сатып алынды. Мектеп оқушыларын оқулықпен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 38,7 млн.теңге бөлініп, оқушылар 100% оқулықпен қамтылды. Аудан бойынша 25 жалпы білім беретін мектепте 2596 оқушы білім алуда. Білім сапасы 61,4% (облыс-61,2%) құрайды.

Қазіргі таңда аудан мектептерінде 44 баланың инклюзивті білім алуына жағдай жасалып, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 50 балаға оңалту көмегі көрсетіледі. Аудан бойынша әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардың 626 оқушысы 100 % ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Мектептер 100 % бейнебақылау (492) жүйесімен қамтылған, барлығында ішкі дәретхана жүйесі жасақталды. Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Бегалы НМ-не 67 млн теңге, И.Білтабанов атындағы ОМ-не 86 млн теңге және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ә.Молдағұлова атындағы ОМ-не 14 млн теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар бүгінгі таңға мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 99,8%-ды құрап отыр. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қамтылған бала саны 952 бала.

Қобда аудандық білім беру  бөлімінің орналасқан жерi: 031000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Көпжасаровтар көшесі, 33, тел.: 21-3-78

Электрондық мекен-жайы: kobda.roo@mail.ru    

Ауданның білім беру саласында 16  балабақша, 8 мектепке дейінгі шағын орталық, 15 орта мектеп, 8 негізгі, 2 бастауыш, 2 қосымша білім беру ұйымы, 1 психолого-педагогикалық  түзету кабинеті  жұмыс жасайды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Аудандық білім беру саласы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы