«2019 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» облыс әкімдігінің есебі
2019 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері бойынша жоспарланған 194 176,9 млн.теңгеден 196 103,7 млн.теңге түсім түсті немесе 101,0%-ға орындалды.
Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 40 247,4 млн.теңгені немесе 20,5 %, салықтық емес түсімдер 5 972,8 млн.теңгені немесе 3,0 %, негізгі капиталды сатудан түскен кірістер 314,8 млн.теңгені немесе 0,2 % және трансферттер түсімі 149 568,7 млн.теңгені немесе 76,3 % құрады.
2019 жылы салықтық, салықтық емес түсімдер мен трансферттер тиісінше 107,5%, 189,2% және 97,4% орындалды. Ақтөбе қаласының бюджетіне акциздердің түспеуінен кіріс бөлігі орындалмады. Соның салдарынан облыс бюджетіне 4 000,0 млн.теңге алынымдар толық түспеуі орын алды.
2018 жылмен салыстырғанда облыстық бюджеттің кірісі 44 828,2 млн.теңгеге немесе 29,6% артық орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер сомасы 1 940,0 млн.теңгеге немесе 5,0%, салықтық емес түсімдер 1 843,1 млн.теңгеге немесе 44,6%, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 170,1 млн.теңгеге немесе 117,5% және трансферттер 40 875,0 млн.теңгеге немесе 37,6% (субвенциялар, алып қою, жоғары тұрған бюджеттен трансферттер) артты.