«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ
2024 жылдың шілде айына азаматтық бюджеті
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ облыс әкімдігінің 2022 жылғы 06 маусым №171 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді. Мекеменің миссиясы – бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін тиімді басқару.
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылдың 10 шілдедегі №151 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі негізінде «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ төмендегі бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат бөлінді:
257 001 015 «Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 30 968,0 мың теңгеге ұлғайтылды.