Об утверждении Правил списания, уничтожения, утилизации материальных ценностей государственного материального резерва и реализации утилизированных товаров
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 859 қаулысымен бекітілген
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 17.12.2025 № 1096 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – кәдеге жаратылған тауардың аукцион барысында қалыптасатын бағасы;
2) алғашқы баға – осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес айқындалатын кәдеге жаратылған тауардың бағасы;
3) аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып өткізілетін, қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн
сауда-саттық нысаны;
4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
5) аукцион нөмірі – ЭЦҚ болған кезде қатысушыға аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
6) бағаны көтеру аукционы – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион әдiсi;
7) бағаны төмендету аукционы – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн аукцион әдiсi;
8) бастапқы баға – кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион басталатын баға;
9) ең төмен баға – кәдеге жаратылған тауарды одан төмен бағаға сатуға болмайтын баға;
10) жарамдылық мерзімі өткен мемлекеттік материалдық резервтің тамақ өнімі – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келмейтін тамақ өнімі;
11) жеңiмпаз – кәдеге жаратылған тауар үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы;
12) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi
шараларды қабылдау, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
13) кәдеге жаратылған тауарлар – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары технологиялық өңдеуден өткеннен кейін алынған тауарлар;
14) кәдеге жаратылған тауарларды өткізу – уәкілетті органның міндеттерін жүзеге асыру, басқа мемлекеттік органдарға беру және аукцион өткізу арқылы сату үшін кәдеге жаратылған тауарларды қолдану;
15) кепілдік жарна – аукционға қатысу үшін кәдеге жаратылған тауардың алғашқы бағасының 15 % мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ақша сомасы;
16) қатысушы – аукционға қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
17) материалдық құндылықтардың жарамдылық мерзімі – мерзімі өткеннен кейін материалдық құндылықтар одан әрі пайдалануға жатпайтын мерзім;
18) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі – мемлекеттік резерв) – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар
мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;
19) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;
20) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыруды және сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
21) мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары (бұдан әрі – операция жасау жоспары) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізуді, сақтауды және шығаруды, сондай-ақ кәдеге жаратылған тауарларды өткізуді регламенттейтін құжат;
23) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару – тұтынушылық қасиеттерінен толық немесе ішінара айырылуы, оның ішінде физикалық және моральдық тозуы салдарынан мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын одан әрі нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп тануға байланысты іс-шаралар кешені;
24) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарына оларды одан әрі пайдалану, оған адам мен жануарлардың қол жеткізу мүмкіндігін болғызбайтын әсер ету (термиялық, химиялық, механикалық не өзге) рәсімі;
25) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды болғызбайтын және (немесе) өзге өнімге әкеп соғатын технологиялық өңдеу;
26) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері (бұдан әрі – сақтау нормативтері) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын
күтіп ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар;
27) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар (бұдан әрі – сақтау пункттері) - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетуді шарттық негізде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
28) мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтары – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зақымдалған, жарамдылық және сақтау мерзімі өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптары мен нормаларына сәйкес келмейтін материалдық құндылықтар;
29) мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарын сынамалы кәдеге жарату – экономикалық тиімділікті айқындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын эксперименттік кәдеге жарату;
30) сақтау мерзімі өткен өзге де материалдық құндылықтар – тамақ өнімдерін қоспағанда, сақтау мерзімі өткен және зертханалық зерттеулерге (сынауларға) жататын тауарлар;
31) сату бағасы – аукцион нәтижесінде белгіленген кәдеге жаратылған тауардың түпкілікті бағасы;
32) сатып алушы – сатып алу-сату шартын жасасқан аукцион жеңiмпазы;
33) сатып алу-сату шартының идентификаторы – тізілімнің веб-порталы беретін сатып алу-сату шартының бiрегей нөмiрі;
34) технологиялық есептеме – кәдеге жаратылған тауардың шығуы үшін қажетті шикізаттың атауы мен мөлшерін қамтитын, оның көлемін көрсететін есептеме. Қойылған міндеттерге байланысты нақты, теориялық немесе технологиялық өнімділік есептеледі;
35) тізілімнің веб-порталы – мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) кәдеге жаратылған тауарлары туралы электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
36) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
37) экономикалық есептеме – шикізаттың саны мен құнын, өңдеу бойынша өндірістік жұмыстардың атауы мен құнын есептеуді қамтитын кәдеге жаратылған тауардың өзіндік құнын есептеу;
38) экономикалық тиімділік – экономикалық және технологиялық есептеулерді салыстыру арқылы мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жаратудың рентабельділігін белгілеу;
39) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.07.2026 № 683 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару тәртібі
3. Ведомстволық бағынысты ұйым және сақтау пункттері ведомствоға жыл сайын 30 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарының тізбесін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша және тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30
күніне дейінгі мерзімде одан әрі пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерінің тізбесін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша ұсынады.
4. Одан әрі пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерінің және мемлекеттік резервтің өзге де материалдық құндылықтарының ұсынылған тізбесі негізінде материалдық құндылықтарды есептен шығару үшін күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде ведомство басшысының бұйрығымен материалдық құндылықтарды есептен шығару жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
5. Комиссияның құрамына мыналар кіреді:
1) ведомство басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын адам (комиссия төрағасы);
2) ведомстволық бағынысты ұйым басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын адам/сақтау пунктінің өкілі;
3) ведомствоның бухгалтерлік қызметінің жұмыскері;
4) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің бухгалтерлік қызметінің жұмыскері;
5) ведомствоның мемлекеттік/жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты ведомствоның құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері;
6) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты жұмыскері;
7) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің технологиялық бөлімінің жұмыскері;
8) жұмылдыру тапсырмасын орындаушы немесе жұмылдыру тапсырмасы алынған мемлекеттік органның өкілі (келісуі бойынша).
6. Материалдық құндылықтардың техникалық жай-күйін айқындау үшін комиссия:
1) есептен шығаруға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын тікелей қарап тексеруді жүзеге асырады, бұл ретте нормативтік және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп деректерін пайдаланады және оның
қайта қалпына келтіру мен одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды;
2) есептен шығаруға жататын материалдық құндылықтардың жинақтылығын тексереді;
3) материалдық құндылықтарды сауда-саттықтарда өткізу, басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру, нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында пайдалану бойынша қабылданған шаралар туралы материалдарды тексереді;
4) есептен шығару себептерін анықтайды;
5) материалдық құндылықтарды сақтау кезінде сақтау нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуді, есептен шығарылатын мүліктің жекелеген түзілімдерін, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін айқындайды.
Мемлекеттік резервтің мына материалдық құндылықтары есептен шығаруға жатады:
1) жарамдылық және сақтау мерзімі өткен;
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зақымдалған;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген.
7. Материалдық құндылықтардың техникалық жай-күйін қарап тексеру қорытындысы бойынша комиссия мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару актісін (бұдан әрі – есептен шығару актісі) жасайды, оған комиссия төрағасы және комиссиялардың барлық мүшелері 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 (үш) данада қол қояды.
Есептен шығару актісінің бір данасы ведомстволық бағынысты ұйымда/сақтау пунктінде қалады, есептен шығару актісінің екінші данасы жұмылдыру тапсырмасын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырмасы алынған мемлекеттік органға жолданады, үшінші данасы қол қойылған кезінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ведомствоға жолданады.
Есептен шығаруға жатпайтын материалдық құндылықтарды тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Есептен шығару актісін алғаннан кейін ведомство 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде санитариялық-эпидемиологиялық және (немесе)
ветеринариялық-санитариялық сараптамалар жүргізу үшін құзыреті бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және (немесе) ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдарға сұрау салу жібереді, олардың қорытындылары бойынша зерттеулер (сынақтар) хаттамалары ресімделеді.
Мемлекеттік резервтің өзге де материалдық құндылықтарына зертханалық зерттеулерді аккредиттелген сынау зертханалары жүргізеді, оның қорытындылары бойынша зерттеулер хаттамасы жасалады.
9. Тамақ өнімдерін зерттеу (сынау) хаттамаларының негізінде күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде ведомство басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жаратуды және жоюды айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – кәдеге жарату және жоюды айқындау жөніндегі комиссия) құрылады.
Кәдеге жарату мен жоюды айқындау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар кіреді:
1) ведомство басшысы немесе оны алмастыратын адам (комиссия төрағасы);
2) ведомство басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын адам;
3) ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын адам/сақтау пунктінің өкілі;
4) ведомствоның мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлері;
5) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты жұмыскерлері;
6) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің технологиялық бөлімінің жұмыскерлері;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және ветеринария саласындағы уәкілетті органның өкілдері;
8) жұмылдыру тапсырмасын орындаушы немесе жұмылдыру тапсырмасы алынған мемлекеттік органның өкілі (келісуі бойынша).
10. Отырыс нәтижесі бойынша кәдеге жаратуды және жоюды айқындау жөніндегі комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарамдылық
мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жаратуды және жоюды айқындау хаттамасын жасайды.
11. Ведомство мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарын сынамалы кәдеге жарату қызметтерін сатып алады.
12. Жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жарату мен жоюды айқындау хаттамасының, өзге де материалдық құндылықтар бойынша зерттеулер
хаттамасының және мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарын сынамалы кәдеге жарату нәтижелерінің негізінде ведомствоішілік комиссия 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық тиімділік туралы қорытынды жасайды, онда экономикалық және технологиялық есептемелерді көрсетеді және кәдеге жаратудың және жоюдың орындылығын анықтайды.
Технологиялық есептеме сапа және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өнімді қайталама өңдеу технологиясын таңдау арқылы жүргізіледі.
Экономикалық есептеме нәтижесі кәдеге жаратудың рентабельділігін айқындайтын баланстық құнмен салыстырғанда нарық конъюнктурасына сәйкес кәдеге
жаратылған тауардың құнын айқындауды (мониторингтеуді) қамтиды.
13. Жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жаратуды және жоюды айқындау хаттамасының, өзге материалдық құндылықтар бойынша зерттеулер хаттамасының және экономикалық пайда туралы қорытындының негізінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша уәкілетті орган кәдеге жарату немесе жою үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. Жою немесе кәдеге жарату кезінде броньнан шығару тәртібімен шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес құпиясыздандыруға жатады.
3- тарау. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою тәртібі
16. Уәкілетті органның мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою үшін броньнан шығару туралы шешімі қабылданғаннан кейін ведомстволық бағынысты ұйым/сақтау пункті кейіннен мемлекеттік резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жою үшін шаралар қабылдайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Жою үшін материалдық құндылықтарды шығару уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге арналған нарядтар берудің нысандары мен тәртібі негізінде жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жою орны туралы шешім қабылдау үшін ведомстволық бағынысты ұйым/сақтау пункттері жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.
19. Уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жоюға жол берілмейді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20. Ведомстволық бағынысты ұйым/сақтау пункттері мемлекеттік резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жойған кезде ведомствоның, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, өртке қарсы қызмет, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдерін тартады.
21. Өртену, жарылу қаупі бар, сондай-ақ арнайы технология бойынша жоюдың айрықша жағдайларын талап ететін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жоюды оларды жою бойынша тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
22. Адам мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
23. Жарамсыз болып қалған, жалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
24. Мемлекеттік резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жоюды жүргізген ведомстволық бағынысты ұйым/сақтау пункттері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 (үш) данада мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою туралы актіні (бұдан әрі – жою туралы акт) жасайды.
Жою туралы актінің бір данасы ведомстволық бағынысты ұйымда/сақтау пунктінде қалады, екінші данасы жұмылдыру тапсырмасын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырмасы алынған мемлекеттік органға жолданады, үшінші данасы қол қойылған ккезінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ведомствоға жолданады.
25. Ведомство жою туралы актінің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығарады.
2
30 қазан 2026 16:51
30 қазан 2026