Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы

 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы бұйрық 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2025 № 745 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағына, 114-бабының 4-тармағына және 117-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдері, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр

М. Такиев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 328 бұйрығымен
бекітілген

     

Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдері, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдері, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдері (бұдан әрі – Рәсімдер) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 101-бабының 8-тармағына, 114-бабының 4-тармағына және 117-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік мекемелерге, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, уәкілетті органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық қолдау операторларына, дербес білім беру ұйымдарына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторға мемлекеттік қазынашылық пен мемлекеттік қазынашылық органдары қызмет көрсетуді "Қазынашылық-клиент" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Қазынашылық-клиент" ЦЖ) арқылы жүзеге асырады.

      Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағына сәйкес, осы Рәсімдердің 2-тармағының бірінші бөлігінің талаптары арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдеріне және білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджетті атқару рәсімдеріне қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, осы Рәсімдердің 2-тармағының бірінші бөлігінің талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қолданылмайды.

      Осы Рәсімдердің 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қазынашылыққа және мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерде белгіленген құжаттарды ұсыну қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармаққа орыс тіліндегі мәтіні өзгерді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің м.а. 09.07.2026 № 464 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасау және жүргізу тәртібі

1-параграф. Қаржыландыру жоспарларының түрлері

      3. Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:

      мемлекеттік мекемелер – мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке жоспар);

      бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);

      мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты – түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.

      Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына және (немесе) жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларына және (немесе) іс-шаралар жоспарларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымына (бұдан әрі – бюджеттік сұранымы), Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен әзірленеді.

      Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2026 № 438 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту тәртібі

      4. Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады, ол:

      осы Рәсімдерге 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылады.

      5. Міндеттемелер бойынша жеке жоспар бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдерін анықтайды.

      6. Төлемдер бойынша жеке жоспар қабылданған міндеттемелерді орындау есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемін анықтайды.

      7. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын мемлекеттік мекемелер шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамалары бойынша мынадай талаптардың негізінде әзірлейді:

      бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік сұранымда ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;

      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер;

басқа да нормативтік құқықтық актілер;

міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;

өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде;

шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын ескере отырып әзірлейді.

Экономикалық сыныптама ерекшеліктері тұрғысынан міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу міндеттемелерді қабылдау мерзіміне, операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау мерзіміне немесе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне, жұмыстарды жүргізу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзіміне сәйкес келуі тиіс.

Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.

Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері даму жоспарына немесе мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламасына (кіші бағдарламасына) сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды.

9. Жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларына орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал мұндайлар болмаған жағдайда ‒ мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, мемлекеттік мекеменің оларды жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде-тиісті бұйрықтармен міндеттерді орындау жүктелген адамдар қол қояды) және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедерімен расталады, жоғарыда көрсетілген тұлғалар қол қойған жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының ай сайынғы бөлінуінің есептеулері мен негіздемелері жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларымен бірге оларды бекіту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне беріледі.

10. Мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын, дәйектілігін және олардың тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.

11. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Рәсімдерге 7, 8, 9, және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады.

Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен және (немесе) мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомаларына сәйкес келеді.

Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары:

бюджеттік бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыс сомасына;

бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша шығыс сомасына сәйкес келеді.

12. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысы немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараттына айларға бөле отырып, жоспарларды айға бөлу негіздемесімен бірге:

бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын;

қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын ұсынады.

Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері аппараттарына тұтастай бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша да ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына астана, облыс, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен немесе төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Рәсімдерде белгіленген форматта қағаз және электрондық тасығыштарда, жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын – тек электрондық тасығыштарда ғана ұсынады.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарлары жобаларының шынайылығын, дұрыс ресімделуін және мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2026 № 438 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

13. Түсімдер жоспарының жобаларын жасау үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кірістер бойынша түсімдердің, бюджет кредиттерін өтеудің, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің және қарыздардың болжамдық жылдық сомасын бекіту туралы бұйрықты, сондай-ақ ерекшеліктер бөлінісінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін, бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемін бекіту туралы бұйрықты (бұдан әрі – бұйрық) бекітеді. Бюджеттің кіріс бөлігі түсімдерінің болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кірістердің жалпы көлемінен ағымдағы қаржы жылының іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдерінің үлес салмағы және бірқатар жылға іс жүзіндегі түсімдер серпіні назарға алына отырып, жүзеге асырылады.

Іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдердегі кірістердің үлес салмағы мен серпінін есептеген кезде жоспарланбаған (біржолғы) сипаттағы түсімдер алып тасталады.

Болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кезінде салық және Қазахстан Республикасының салық және кеден заңнамаларына сәйкес және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мөлшерлемелері мен мерзімдері ескеріледі.

Бюджеттің атқару жөніндегі уәкілетті орган бұйрықты әзірлеген кезде қажет болған жағдайда, салық және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдардан ерекшеліктер тұрғысынан кірістер түсімдерінің болжамды сомасы бойынша ұсыныс сұратады.

Ескерту. 13-тармаққа орыс тіліндегі мәтіні өзгерді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14. Кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің жылдық болжам сомасын және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілген бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемін, кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы және мәслихаттардың жергілікті бюджеттер туралы шешімдері негізінде, оларды қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады және бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтары бойынша түсімдер жоспарының жобасын жасау үшін салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдерді, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдарға жібереді.

Ескерту. 14-тармаққа орыс тіліндегі мәтіні өзгерді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15. Бюджетке түсетін түсімдердің жоспары және ерекшеліктер бойынша бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемі тиісті бюджет түсімдерінің сомасына және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген түсімдердің санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің көлеміне, ал ерекшеліктер бөлінісінде бюджет атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығына сәйкес келуі тиіс.

Салықтық, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Рәсімдерге 11, 12, және 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша айлар бөлінісінде Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес қалыптастырылған түсімдер жоспарларының жобаларын ұсынады.

Осы жобалар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы қабылданғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде беріледі.

Ескерту. 15-тармаққа орыс тіліндегі мәтіні өзгерді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16. Бюджеттік алымдар түсімдерінің жоспарларын республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес және осы Рәсімдердің 5-тарауының 5-параграфында анықталатын тәртіппен төмен тұрған бюджеттерден алынатын бюджеттік алымдарды ай сайынғы аудару мөлшерін және төмен тұрған бюджеттер кірістерінің ай сайынғы болжамдық көлемін қолдана отырып, есеп айырысулар негізінде жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.

Кірістер түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеуді, қаржы активтерді сатудан түскен түсімдерді және қарыздарды айлар бойынша бөлуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке төленетін төлемдерді төлеудің белгіленген мерзімдерін, өткен жылдарға бюджетке түсетін түсімдер серпінін, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілік серпінін және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныстар пен ұсыныстар деңгейін талдауды, жасалған кредиттік шарттар, қарыз шарттары, гранттар туралы келісімдер талаптарын негізге ала отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар бойынша жоғары тұрған бюджеттің төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша жоспарлардың жобаларын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аталған түсімдердің коды бойынша тұтастай және сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша жасайды.

Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2026 № 438 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаудың және бекітудің тәртібі

17. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары жобасының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша осы Рәсімдерге 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша, қаржыландыру жоспарларының жобалары негізінде жасалады.

Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары және ерекшеліктері бойынша жасалатын түсімдердің жиынтық жоспарынан және бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының функционалдық топтары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары осы Рәсімдерге 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

Бұл ретте міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес келеді.

18. Мемлекеттік қазынашылық Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысы қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі жергілікті бюджет туралы астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты жергілікті бюджет туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді.

Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2026 № 438 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

19. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізу үшін қабылдаған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын жиынтықтау жолымен және мынадай шарттарды ескере отырып жасалады:

1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалардың жылдық сомасы қабылданған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келуі тиіс, ал жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық сома кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес келуі тиіс;

2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиын сомасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалар сомасына сәйкес келуі тиіс;

3) жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер мен кредиттердің сомасы төмен тұрған бюджеттің түсімдер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сондай көлемде және дәл сол айларда жоғары тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі;

4) төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке берілетін трансферттер, кредиттерді қайтару сомасы және жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер бойынша төмен тұрған бюджет төлеген сыйақы сомасы жоғары тұрған бюджеттің түсімдері бойынша жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сол көлемде және дәл сол айларда төмен тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі;

5) төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан аспаған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы.

Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделуі тиіс, бұл жыл басынан өсу қорытындысымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың артуына жол бермеуді білдіреді.

20. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру кезінде айлар бойынша шығыстар түсімдерден асып кеткен жағдайда мемлекеттік қазынашылық немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган шығыстарды ай сайын бөлуді қайта бөлу үшін шығыстар бойынша жоспарлы тағайындауларды азайту қажет сомалар мен айларды көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын қайтарады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бір күн мерзімде мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарының түзетілген жобасын ұсынады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төлемдер бойынша түзетілген жоспарлы тағайындауларды ұсынғаннан кейін теңгерімдеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде болжамды тапшылықты жабу мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен жоспарланады.

Мемлекеттік қазынашылық қарыздар бойынша түсімдер жоспарының орындалуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жоспарлаған шығыстар сомасының түсімдердің жоспарлы сомасынан қандай кезеңдерде және қандай көлемде асып түсетінін хабарлайды. Өз кезегінде, қарыздар бойынша түсімдер жоспарының орындалуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында тиісті кезеңдерге арналған қарыздар бойынша жоспар сомасын қайта бөледі.

Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

21. Бастапқы қалыптастырылған және бекітілген жиынтық жоспарлар электрондық дерекқор көшірмесі түрінде қаржы жылының соңына дейін сақталады, оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

22. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңын іске асыру туралы Үкіметтің қаулысын бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге трансферттер мен бюджеттік кредиттерді аударуға байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін орталық атқарушы органға айлар бойынша бөлінген оларға көзделген трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.

Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2026 № 438 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

23. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті орган облыстық бюджеттер бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді бөлумен байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін жергілікті атқарушы органға айлар бойынша бөлінген облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне, берілетін трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді бөлумен байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін жергілікті атқарушы органға айлар бойынша бөлінген аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.

Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

24. Мемлекеттік қазынашылықтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітетін түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, республикалық бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына олардың жасалуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды және мемлекеттік қазынашылықтың елтаңбалық мөрімен куәландырылады.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітетін түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, тиісті жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына олардың жасалуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының басшысы бекітетін түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл және ауылдық округ бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына олардың жасалуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

25. Мемлекеттік қазынашылық, жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде бюджеттік алулар, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген кредиттер мен кредиттерді қайтару бойынша сыйақылар сомасын айлар бойынша бөлуді төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға айлар бойынша бөлінген қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің қаперіне жеткізеді.

Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және алушы өңірлер бөлінісінде мемлекеттік қазынашылыққа жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттердің сомаларын ай бойынша бөлуді жеткізеді.

26. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға қаржыландырудың жиынтық жоспарымен бекітілген республикалық бюджетке түсетін кірістердің түсімдері жоспарының айлар бойынша бөлінісін жібереді.

27. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтiлген айлар бойынша бөлiнген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейiн екі жұмыс күнiiшiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларын және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтедi. Жеке қаржыландыру жоспарларын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі ведомстволық бағынысты барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бір мезгілде:

республикалық бюджет бойынша өзiнiң орналасқан орны бойынша мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған осы Рәсімдерге 3 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін;

барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар бойынша, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелер бойынша өзiнiң орналасқан орны бойынша мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данадағы тiзiлiммен бiрге осы Рәсімдерге 2 және 5-қосымшаларға сәйкес қағаз және электрондық тасығыштарында;

жергiлiктi бюджет бойынша – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынады;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бойынша – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері аппараттарына.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы орган аппаратының басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган аппараты басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам), ал олар болмаған жағдайда ‒ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы бекітеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам) болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың міндеттерін атқаратын адамдар бекітеді.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараты бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні iшiнде міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары жалпы сомасының Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуін тексеруді жүргiзедi және осы Рәсімдерге 15, 17 және 19-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының электронды үлгілерімен осы Рәсімдерге 25-қосымшаға сәйкес бекітілген жоспардың электронды үлгісі және осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған осы Рәсімдерге 3 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары беріледі.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараты түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергiлiктi бюджет бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттiк мекемелердiң барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиынтық сомасына сәйкес келуiн, сондай-ақ олардың мемлекеттік қазынашылық органына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi

Мемлекеттік қазынашылық органы республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң орналасқан жері бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнiiшiнде барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және қазынашылықтың бiрiктiрiлген цифрлық жүйесiне енгiзедi (жүктейді).

Мемлекеттік қазынашылық органы бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараттарымен барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнiiшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкестігін, төмен тұрған бюджеттердің жиынтық қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарларына, астананың және республикалық маңызы бар қаланың жиынтық қаржыландыру жоспарларының төмен тұрған бюджеттерге немесе мемлекеттік органдардың функцияларын берген жағдайда төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша республикалық бюджеттің жиынтық жоспарларына сәйкестігін тексерудi жүргiзедi және қазынашылықтың бiрiктiрiлген цифрлық жүйесiне енгiзедi (жүктейдi).

Орындауға қабылдаған кезде мемлекеттік қазынашылық органдарының жауапты орындаушылары жергілікті бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы қаулыларына, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) маслихатының шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімдеріне сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.

Мемлекеттік қазынашылық органы белгіленген талаптарды орындамаған кезде жеке қаржыландыру жоспарлары "Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша қабылданбайды, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелер бойынша – осы Рәсімдердің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, себептерін көрсете отырып, түзету үшін қайтарылады.

Жеке қаржыландыру жоспарлары кері қайтарылған сәттен бастап, республикалық бюджет бойынша – республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, жергілікті бюджет бойынша – бюджетті атқарудың жергілікті уәкілетті орган түзетілгендерін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ("Қазынашылық-клиент" ЦЖ арқылы қызмет көрсетілген жағдайда – электрондық нұсқасын) ұсынады.

"Қазынашылық-клиент" ЦЖ арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы Рәсімдерге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Міндеттемелер/ Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары" 3-04-есептерін және осы Рәсімдерге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Міндеттемелер/Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары" 3-02-есептерін қалыптастырады, мемлекеттік мекемелер осы Рәсімдерге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Міндеттемелер/Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары" 3-04-есептерін қалыптастырады.

Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 09.07.2026 № 464 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

28. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті бюджеттерге түсетін кірістердің (ерекшеліктер деңгейіне дейін) жоспарының бекітілген айлар бойынша бөлінуін жібереді.

29. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан алынған кірістер түсімдерінің жиынтық жоспарларын (ерекшеліктер деңгейіне дейін) екі жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жеткізеді.

Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

30. Бюджет кодексінің 90 және 91-баптарының 4-тармақтарында белгіленген жағдайларда, мемлекеттік қазынашылық немесе жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын Рәсімдердің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 және 30-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде жасайды.

4-параграф. Қаржыландырудың жеке жоспарына, түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібі

31. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған жағдайларда, сондай-ақ бағамдық айырмашылықтың өзгеруіне байланысты үкіметтік борышты өтеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде, республикалық және жергілікті бюджеттердің ай сайынғы түсімдері мен шығыстарын түзетуді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларындағы және қаржыландырудың жеке жоспарларындағы бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі кіші бағдарлама мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері арасында соманы түзетуді талап ететін факторлар пайда болған кезде жүргізіледі.

Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдер негізінде және салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін кірістер түсімдерінің жоспарларын өзгертуге өтінімдер негізінде мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты қалыптастыратын түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте кіріс түсімдерінің жоспарларын өзгертуге арналған өтінімдер ағымдағы айдың жиырма бесі күнінен кейін келесі жұмыс күні беріледі.

Қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік мекемелерден алынған есептемелер және өзгерістер негіздемесі қоса берілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге өтінімдер (бұдан әрі – мемлекеттік мекеменің өтінімі) негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қалыптастыратын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жасалған қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады.

Өтінімдер мен анықтамалардағы өзгерістер сомасы мың теңгемен, бөлшек қалдығы бар, үтірден кейін бір белгіден аспайтын санмен көрсетіледі. Өтінімдер мен анықтамалар осы Рәсімдерге 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41 және 42-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.

Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

32. Мемлекеттiк мекемелер мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмдерiн қалыптастыру және оны бекiту үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне жiберу жолымен тиiстi бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша қаржыландыру жоспарының бекiтiлген жылдық сомасы шегiнде шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi жөніндегі соманы кемiтудi (арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған жағдайда, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес өзгерiстер енгiзе алады.

33. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша, әлеуметтік төлемдер (зейнетақылар мен жәрдемақылар) бойынша жоғары тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, атқарушылық құжаттарды орындау, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ блоктық бюджеттеуге қатысатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бөлінген бюджет қаражатын қайта бөлу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына айына бір реттен асырмай, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың жиырмасы күнінен кешіктірмей екі реттен асырмай өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Бұл ретте, "Блоктық бюджеттеуді іске асыру (ендіру) қағидаларын және блоктық бюджеттеуге қатысатын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 602 қаулысына сәйкес блоктық бюджеттеуге қатысатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуді ағымдағы қаржы жылының соңғы айында ағымдағы айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей екі реттен асырмай жүзеге асыра алады.

Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

34. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерiн қозғамайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерiне және бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламаларына қатысты мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстерді дербес енгiзедi

Қорғалатын тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ құпия мәліметтер тізбесіне кіретін қорғаныс саласындағы мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу үшін осы Рәсімдерге 35 және 37-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша анықтаманы үш данада қалыптастырады.

Анықтамалардағы өзгерiстер сомасы үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын бөлшек қалдығы бар сандармен мың теңгемен көрсетiледi

35. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердiң өтiнiмдерi негiзiнде төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама (бұдан әрi – қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама) қалыптастырады.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмiн қарағанға дейiн өзi орналасқан жерi бойынша мемлекеттік қазынашылық органына тиiстi шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру қажеттiлiгi туралы хатпен өтiнiш жасайды.

Мемлекеттік қазынашылық органы қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жөніндегі рәсiмдер аяқталғанға дейiн жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргiзудi тоқтата тұрады.

Мемлекеттік қазынашылық органы 4-20 "Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – 4-20 нысаны) барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге береді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша операцияларды тоқтата тұрған кезде өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелерге қаржыландырудың жеке жоспарына жоспарланған өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Бұл ретте мемлекеттік мекемелер шығыстардың бюджеттік сыныптамасының өзгертілетін кодтары бойынша операцияларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеменің өтінімі мыналар ескеріле отырып қалыптастырылады:

ерекшелік сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше аударуға тыйым салынады;

жоспарлы тағайындаулар мен жасалған кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестікті сақтауды;

төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан аспаған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы;

қабылданған, бірақ ақы төленбеген міндеттемелерді;

инкассолық өкімдердің болуын;

шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарлы соманы қабылданған міндеттемелерді шегере отырып, жоспарлы тағайындалулардың сомасына азайту жасалады;

жоспарлы соманы бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiктерi бойынша ұлғайту (азайту) қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасы шегiнде басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы азайту (ұлғайту) есебiнен, бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылады;

бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасындағы қаражатты қайта бөлу бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сомалар шегінде жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеменің өтініміне басшы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, оларды жасауға міндетті мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғысы болмаған кезде – тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және өзгерістерге есептемелер мен бірге олардың негіздемесі ағымдағы айдың он күнінен кешіктірілмей тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған анықтамаларды қайтару (қабылдамау) кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ағымдағы айдың жиырмасы күнінен кейін қайтарылған (қабылдамаған) кезден бастап бір жұмыс күні ішінде (қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерге қатысы жоқ жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар үшін) бір жұмыс күні ішінде бір рет мемлекеттік қазынашылық органының ескертулерін ескере отырып түзетілген анықтамаларды ұсынады.

Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

36. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қоса берілетін өзгерістер бойынша негіздемені және осы Рәсімдердің 35 және 36 тармақтарында белгіленген шарттардың және мерзімдердің сақталуын тексереді.

Осы Рәсімдерде көзделген шарттар сақталмаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің өтінімдерін қайтарады.

37. Осы Рәсімдерде көзделген талаптар сақталған кезде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiтедi

Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге үш данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге, екiншiсiн өзiнiң орналасқан жері бойынша мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данадағы тiзiлiммен бiрге жiбередi және үшiншiсiн өзiнде қалдырады.

Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi өзiнiң орналасқан орны бойынша мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Рәсімдерге 36 және 38-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бектілген анықтамалардың электрондық нұсқасын жібереді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Рәсімдерге 36 және 38-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың электрондық нұсқаларын, жібереді, оларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылады.

Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамаларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің мемлекеттік қазынашылық органдарына "Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша, ал барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге қағаз және электрондық тасығыштарда мынадай тәртiппен бередi

қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама бекітілген күннен бастап ағымдағы ай ішінде ұсынылады;

қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты емес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалар бір мезгілде барлық мемлекеттік мекемелер бойынша, ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына кемiнде бiр рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – осы Рәсімдердің 33-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына екі реттен асырмай берiледi

Мемлекеттік қазынашылық органы қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысы жоқ өзгерістерді жеке қаржыландыру жоспарларына енгізу туралы анықтамаларды қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесіне жүктегеннен кейін, "Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, сондай-ақ тиісті жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына, соңғысының бюджеттік мониторинг жүргізуі үшін қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесіне аталған анықтамаларды жүктегенін растау туралы хабарлама жіберіледі.

Түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезiнде мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкестiгiн, төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттен немесе жоғары тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.

Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 09.07.2026 № 464 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

38. Төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер, бюджеттік субвенциялар бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылыққа алушы өңірлер бөлінісінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына, сондай-ақ дәлелдеу мәліметтерін қамтитын төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу анықтама ұсынады.

39. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiткеннен кейiнгi кезеңде мемлекеттiк мекеменің мiндеттемелердi қабылдауы немесе кассалық шығыстарды жүргiзуi себепті жоспарларлы тағайындаулар жетіспеген, Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының сәйкес келмеген, жоспарлы тағайындаулар дұрыс бөлiнбеген, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтамаларды ұсыну мерзімдерін сақтамаған және осы Рәсімдердің 32-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік қазынашылық органы:

1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтаманы – бюджеттік бағдарлама әкімшісіне;

2) түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтаманы – бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына орындаусыз қайтарады ("Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша себебін көрсете отырып қайтарады).

Осы Рәсімдердің 35-тармағының жетінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық акт болмаған кезде мемлекеттік қазынашылық органы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Рәсімдердің тиісті тармақтарына сілтеме жасай отырып, себебін көрсете отырып, жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай қайтарады (осы Рәсімдердің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, себебін көрсете отырып, "Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша қайтарады).

"Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша түскен осы Рәсімдердің және пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресімделмеген жоспарлардың, анықтамалардың тізілімі мен электрондық үлгілерін мемлекеттік қазынашылық органымен қайтару себептерін көрсете отырып қайтаруға жатады.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған анықтамалар қайтарылған (қабылданбаған) кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қайтарылған (қабылданбаған) кезден бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылық органының ескертулерін ескере отырып түзетілген анықтамаларды ұсынады.

Мемлекеттік қазынашылық органы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Рәсімдерге және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысы жоқ қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін тексеруді және жүктеуді бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 09.07.2026 № 464 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

40. Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Рәсімдердің 33-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінім (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі) қалыптастырады, оны ол енгізілетін өзгерістердің тиісті негіздемелерімен бірге мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жібереді.

Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

41. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар бойынша ай сайынғы шығыстар көлеміне өзгерістер енгізу туралы өтінімі бағамдық айырмашылықтың өзгеруіне байланысты үкіметтік борышты өтеу жөніндегі міндеттемелер өзгеру жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тарапынан мемлекеттік мекемелердің өтінімдеріне сәйкес, бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша көзделген сома шегінде қалыптастырылады.

Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы тарауда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қазынашылыққа өтінім ұсынады.

Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2025 № 745 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

42. Ағымдағы айдың қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына ұсынылатын өзгерістердің негіздемелерін қоса бере отырып, мынадай тәртіппен береді:

аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың оныншы күніне дейін береді;

аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бар республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесінші күніне дейін береді;

жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы айдың он бесі күніне дейiнгі мерзімде жоғары тұрған бюджеттен алатын нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердің қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізген жағдайда ағымдағы айдың бесі күніне дейінгі мерзімде ұсынылады.

43. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінім, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша, әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақылар және жәрдемақылар, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы төлемдер, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау) бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың атқарушылық құжаттарын орындау, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету кезіндегі және тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы жағдайларды қоспағанда, айына кем дегенде бір рет ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, тиісті бюджет комиссиясының шешімі бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша немесе атқарушылық құжаттарды орындау үшін қаражат бөлуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі – ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда – ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.

Мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуді, тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды, бағам айырмасының, баға өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыстар беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен қалыптасқан ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесінен үнемдеу, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтумен, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертумен, сапарға шығу немесе іс-шараларды өткізу мерзімдерінің ауысуына байланысты іссапарлар кестесінің өзгеруімен байланысты жоспарларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып ұсынуға жол берілмейді.

Мемлекеттік қазынашылыққа, жергiлiктi уәкiлеттi органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына азайтылатын айларға қатысты айлардың жоспарларын ұлғайту жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы немесе алдағы азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамайды. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында теріс сальдо болған немесе ағымдағы қолма-қол ақша тапшылығы құрылған жағдайда алдағы айлардың төлемдер бойынша жоспарларын ағымдағы айға және азайтылатын айға қатысты алдындағы айларға көшіруге жол берілмейді.

Бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын азайту бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына азайтылатын соманы ағымдағы немесе келесі айлардан ағымдағы жылдың желтоқсан айына көшіру бойынша міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінім енгізеді.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге өтiнiмдi қағаз және электрондық тасығыштармен бередi

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтініміне орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал ондай болмаған жағдайда – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал олар болмаған кезеңде – тиісті бұйрықтармен олардың міндеттерін атқару жүктелген адамдар қол қояды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөрімен расталады.

Бюджеттік бағдарламаның басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына берудің дұрыстығын, дұрыс ресімделуін және уақытылы ұсынылуын және бюджет қаражатын қайта бөлудің негізділігін қамтамасыз етеді.

Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

44. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарайды және олар мақұлдаған жағдайда төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар қалыптастырады.

Анықтаманы қалыптастыру осы Рәсімдердің 35-тармағында көзделген талаптарды, сондай-ақ мынадай шарттарды ескере отырып жүргізіледі:

осы Рәсімдердің 20-тармағына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарының және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігін сақтау;

жиынтық жоспардың "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлімінде түсімдер мен өтеудің көлемін өзгерту бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) бекітілген (нақтыланған) көлемін сақтау шартымен ғана жүзеге асырылады.

Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2026 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

45. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының өтінімдерін мемлекеттік қазынашылық, жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратымен олар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

Мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты ұсынылған өзгерістер бойынша негіздемені және осы Рәсімдердің 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында белгіленген шарттардың сақталуын тексереді.

Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылының басынан бастап түзетілетін кезең бойынша төлемдер бойынша шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден асып кетуіне әкеп соқтырса, сондай-ақ бұл ретте осы Рәсімдердің 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында айқындалатын басқа да шарттар бұзылса, онда мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қабылдамайды.

Жарияланған күні

29 қазан 2026 09:59

Жаңарту күні

29 қазан 2026

Түрі