
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ-сі Қазақстан Республикасының Қаржы минстрлігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына сәйкес облыс бюджетінің атқарылуы туралы есептерді қалыптастырып Қаржы министрлігіне ұсынады
ҚР Бюджет кодексіне сәйкес облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы әкімдікке бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсынады. Әрі қарай әкімдік қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді. Сонымен қатар, мәслихаттың тұрақты комиссияларында облыстық әкімдіктің жылдық есебі қаралады. Мәслихаттың тұрақты комиссияларымен қаралғаннан кейін облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп мәслихат сессиясында бекітіледі.