Облыстық коммуналдық меншікті басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру

- өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;
- облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- облыс әкімдігіне қарасты жүз пайыз акциясымен (үлесімен) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу;
- облыстық коммуналдық мүлiктi облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп беру;
- облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- облыстық коммуналдық мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру;
- коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне беру;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған обьектілерді коммуналдық меншікке қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру.
-
Документы
Түсіндірме жазба
05 апреля 2024
«Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне жататын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысының жобасына түсіндірме жазба
Түсіндірме жазба
04 апреля 2024
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда», Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысының жобасына түсіндірме жазба
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Мен үй-жайды жалдау жөніндегі тендерге қатыса аламын ба?
Ғимараттағы үй-жайды жалдау (мемлекеттік мүлікті жалдау) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру қағидаларымен реттеледі. Рәсім Мемлекеттік қоғамдастықтың веб-порталында өтеді gosreestr.kz осы порталда тіркелу арқылы сіз тендерге қатыса аласыз.
Саудаға қатыса отырып, автокөлікті қалай сатып алуға болады?
Сіз мемлекеттік мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттыққа қатыса аласыз, Мемлекеттік тізілімнен жекешелендіру бойынша қызықтыратын объектіні таңдауға болады