Қарғалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы(2023 жылдың 01қарашасына дейін бала күтімі бойынша демалыс уақытына)
Қарғалы ауданы әкімдігі
Ақтөбе облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Құқық мәселелері бойынша сотта, сол сияқты басқа да органдарда жергілікті атқарушы органның мүдделерін белгіленген тәртіпте білдіру, аудан әкімдігі мен аудан әкімі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау және уақытылы тиісті органға ұсыну. Аудан әкімінің халық алдындағы есептік кездесуін өткізуге, барлық материалдарын, кесте, жоспарын дайындауға міндетті.Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есептік кездесуінің өткізілуіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау, сондай-ақ кездесу есебінің мәліметін сапалы және уақытылы облыс әкімінің аппаратына тапсыру. Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің ауыл тұрғындарымен, ұйым, мекемелермен өткізілген (хаттамалар, фотосуреттерін және т.б.) кездесуі туралы есептерін облыс әкімі аппаратына беру.Облыстық СКИП (тапсырмалардың орындалуын бақылау жүйесі) бағдарламасымен жұмыс жасау, уақытылы өзгерістер енгізу, енгізілген осы бағдарламаға тапсырмалар бойынша есептерді дайындау. Аудан әкіміне баяндама мәтінін дайындау, тұрғындар алдында, БАҚ, тезистер, кестелер және басқада материалдарды жариялауды қамтамасыз ету.
Жергілікті ұйымдар мен мекемелер басшыларының қатысуымен заңдылықты нығайту мәселесі бойынша семинар-мәжіліс ұйымдастыру және тиісті құжаттарын дайындау.Азаматтардың құқықтық деңгейін арттыру туралы өңірлік бағдарламалардың орындалуына дербес жауакершілікте болу. Нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарында тіркеу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Аудан әкімдігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді тұрақты мониторингтеуді іске асыру, құқықтық сараптама жүргізу. Нормативтік құқықтық актілер бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Өз құзыры шегінде аудандық мекемелерден, кәсіпорындардан, ауылдық округтерден тиісті ақпараттар сұратып алу, жоғарғы органнан келіп түскен сұраныс, ұсыныс хаттарға уақытылы жауап беру және заңдылығын қарау. Қызмет бабында пайдалануға жататын құжаттармен және таратылуы шектелген құжаттармен жұмыс жасауда тиісті талаптарды сақтауды қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратының Ережесіне тиісті өзгерістер енгізіп,уақытылы бекітілуін қамтамасыз ету.Аудан әкімі аппараты жанындағы тұрғын үй комиссияның жұмысын ұйымдастыруда дербес жауакершілікте болу. Аудан әкімі аппаратында ҚР мемлекеттік рәміздері туралы заңының, ережелерінің, қағидаларының талабының орындалуына және рәміздерді пайдалануға, қолдануға жауапты.
Медиацияны ендіру бойынша жұмысты ұйымдастыруға, кәсіби емес медиаторларды тіркеуді жүргізуде жауапкершілікте болады. Селектор және видео-конференция ұйымдастыру, әдеп жөніндегі уәкіл болып тағайындалғанда уәкілдің қызметін адал және толық көлемде орындайды.
Қазақстан Республикасы Заңнамасының аясында бөлім басшысымен, аудан әкімі аппараты басшысымен берілген өзге де тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындау. Жұмыс барысында қолданатын материалдық-техникалық жабдықтарға жеке жауапкершілікте болу.Облыс әкімі аппаратынан бөлімге келіп түскен барлық сұрақтар мен тапсырмалар бойынша уақытылы, сапалы есеп және тиісті ақпарат беруге жауапты. Мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті комиссия жұмысын ұйымдастыруға және мемлекеттік сатып алу кезінде құқықтық көмек көрсетуге міндетті.Тиісті комиссия, кеңеске мүше болуға міндетті және қатысуға. ҚР мемлекеттік қызметшілерініңәдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау. Компьютерде Word, Excel, Internet және т.б. бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.10.2021
- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылы Әбілқайыр хан көшесі, 38
-
(71342) 22-9-02, факс: 8(71342) 22-9-02
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап арқылы 8-705-202-06-70) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.