Аудан әкімі үлескерлермен кездесті

4 қарашада аудан әкімі А.Жүсібалиев, Кемпірсай ауылдық округінде болып, бұрынғы "Жосалы Агро" ЖШС-нің үлескерлерімен кездесті.
Жосалы ауылдық клубына жиналған үлескерлердің қатары көп жиналды.
Аудан басшысы өз кезегінде, үлескерлерге ҚР заңнамаларына сәйкес, жер пайдалану бойынша, сот органдарына талап арыз беру арқылы, азвматтық іс тәртібімен жүзеге асырылатынын түсіндірді.
Ал аудан әкімдігі өз құзыреті шегінде, үлескерлердің сұранысына сәйкес, қажетті көмектер беруге дайын екендігін жеткізді.
Жиынға қатысқан үлескерлер өз кезегінде, мемлекеттен үлес ретінде бөлінген жер телімдерінен түскен өнімнен өздеріне тиесілі өнім немесе төлемдердің төленуін талап етіп отырғандарын айтып, аудан басшысына қолдау білдіргені үшін алғыстарын білдірді.