Кандидаттардың тіркелгені туралы ХАБАРЛАМА
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабының 6-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаттың депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлаймыз
№3 сайлау округі бойынша
1. Рахимова Райхан Алимовна, 1962 жылы туған, «Сенім» отбасының қолдау орталығы» КММ, директор, Қарғалы ауданы Бадамша ауылында тұрады.
№5 сайлау округі бойынша
1.Бисенбаев Жәнібек Бисенбайұлы, 1994 жылы туған, «Қарғалы ауданының ветеринарлық станция» ММК, меңгерушінің м.а., Қарғалы ауданы Бөзтөбе ауылында тұрады.
2.Кзылбасова Токжан Биляевна 1968 жылы туған, «Қарғалы аудандық ауруханасы» ММК, басшының орынбасары, Қарғалы ауданы Бадамша ауылында тұрады.
№8 сайлау округі бойынша
1.Ишанғалиев Айбол Қанатбайұлы, 1986 жылы туған, «В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ, мұғалім, Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылында тұрады.
2.Құдабаев Нұрхат Саматұлы, 1994 жылы туған, «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ, жүргізуші, Қарғалы ауданы Бадамша ауылында тұрады.
2
29 қазан 2026 18:09
29 қазан 2026