
Еліміз тарихтың жаңа сатысына аяқ басқан тұста жарық көрген «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты Елбасының авторлық мақаласында аталған бағдарламаларды іске асыру және халық арасында кеңінен насихаттау барысында Қарғалы ауданы бойынша 2021 жылы 6258 адамды қамтыған ауқымды 100 іс-шара ұйымдастырылды.
Осы тұста, ҚР-ның Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын аудан тұрғындары арасында түсіндіру мен насихаттау мақсатында аудан әкімдігі жанындағы ақпараттық тобының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді және жұмыстар жасалып жатыр жәнеде 40 кездесу ұйымдастырды, оған 2942 азамат қатынасты.
Одан бөлек, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында Қарғалы өңірінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбына 45 баннер, «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында 16 баннер орнатылды.
Биыл ауданымызда «Туған жер» арнайы жобасының «Туған жерге тағзым» акциясына үлкенден қойылды. Жыл басында 35 миллион 335 теңгеге шақталған 34 жобаны құрайтын жоспар жасақталып 38 млн. 600 мың теңгеге түгелдей орындалды.
2022 жылға 36,8 млн.теңгеге 32 жоба жоспарланды.