
Ауылшаруашылығы саласы бойынша:
Аудан бойынша барлығы 190 ШҚ бар, оның 104 егін шаруашылығымен, 86 мал шаруашылығымен айналысады.
2025 жылы аудан бойынша барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 151 мың гектарды құрады, оның ішінде:
Аудан бойынша толықтай 111,3 мың га дәнді дақыл орылып, жалпы алынған өнім көлемі 127 044 тоннаны құрады. Орташа өнімділік — гектарына 11 ц/га.
Оның ішінде:
Бидай (пшеница) – 72 881 га, жиналған өнім – 81 661 тонна, орташа өнімділік – 11 ц/га;
арпа (ячмень) – 33 102 га, жиналған өнім – 39 642 тонна, орташа өнімділік – 12 ц/га;
бұршақ дақылдары (бобовые) – 1 420 га, жиналған өнім – 722 тонна, орташа өнімділік – 5 ц/га;
тары (просо) – 1 700 га, жиналған өнім – 1 200 тонна, орташа өнімділік – 7 ц/га;
сұлы (овес) - 434 га, жиналған өнім – 414 тонна, орташа өнімділік – 10 ц/га;
құмай (сорго) - 200 га, жиналған өнім – 200 тонна, орташа өнімділік – 10 ц/га;
күздік бидай (озимые) – 1 660 га, жиналған өнім – 3 205 тонна, орташа өнімділік – 19 ц/га,
Атап өту керек, биыл күздік дақылдардың өнімділігі жоғары болды, кейбір жағдайларда орташа өнімділік гектарына 25 центнерге дейін жетті.
Сонымен қатар, картоп 1320 га алқаптан 330 000 тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі 250 ц/га болды.
(Бүгінгі күні картоп жинау жұмыстары жалғасуда, ауа райы қолайлы болған жағдайда жинау жұмыстары 8–10 күн ішінде аяқталады.)
Майлы дақылдары 3 633 га жерден 2 833 тонна өнім алынды, орташа өнімділік – 8 ц/га. (Майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда).
2025 жылы мал азығын дайындау 101 %-ға орындалды.
(жоспары – 50,6 мың тонна, орындалуы 51,0 мың тонна.)
Егін жинау жұмыстарына шамамен 186 астық ору комбайны, 412 трактор, 161 трактор тіркемесі және 68 жүк көлігі жұмылдырылды.
Анықтама үшін: (мал шаруашылығы – 9 471,8 млн.тг., өсімдік шаруашылығы – 7353,4 млн.тг.).
2025 жылдың 9 айындағы ауыл шаруашылығы мал басының саны төмендегіні құрайды:
ірі қара мал – 23 601 бас (119,8%);
ұсақ мал – 24 283 бас (121,5%);
жылқы – 4 140 бас (115,9%);
шошқа – 1423 бас (61,6%);
құс – 37207 бас (127,7%);
Сонымен қатар, өндірілген ет көлемі – 3 611,1 тонна немесе былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 98,4% құраса, сауылған сүт көлемі 1 028,7 тоннаны құрады немесе 113,4%.
Мемлекет Басшысы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект технологияларын енгізудің өзектілігін ерекше атап өтті. Аталған бастама бүгінгі күні ауданымызда практикалық деңгейде жүзеге асырыла бастады.
Осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі ретінде ауданымыздағы «Сәт» шаруа қожалығының 53 гектар картоп алқабын агродрон көмегімен өңдеуі мысал бола алады. Өңдеу барысында арамшөптерге қарсы «Агро Шанс» гербициді қолданылды.
Агродрондардың ресми дилері болып табылатын «МКР Плюс» ЖШС аталған жұмыстарды орындау кезінде техникалық сүйемелдеу мен қолдау көрсетуді қамтамасыз етті.
Соңғы жылдары аудан шаруалары тыңайтқыштар мен гербицидтерді жиі қолдана бастады. Сәйкесінше, жердің құнарлығы артып, зиянкестер азайып, өнім көлемі ұлғая бастады.
Анықтама үшін:
Мақсатты сай пайдаланбай отырған жалпы көлемі 4 064,8 га құрайтын 9 жер учаскесі анықталып келісім шарттарды мерзімінен бұрын тоқтату арқылы мемлекеттің меншігіне қайтарылды.
Ауданда ауыл тұрғындарын жан-жақты қолдау, ауылдық тауар өндірушілерін аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл Аманаты» жобасы жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік бағдарлама аясында соңғы 3 жылда 1 млрд.319 млн теңгеге 292 жоба қаржыландырылды.
2023 ж – 181 жоба – 670,5 млн,
2024 ж – 98 жоба – 567 млн,
2025 ж – 13 жоба – 82,4 млн.
Ағымдағы жылы 182,4 млн теңгеге 21 жоба тапсырылып, 82,4 млн теңгеге 13 жоба қаржыландырылды.
Атап өтер болсақ:
Сонымен қатар, 99,9 млн теңгеге 8 жоба мақұлданды.
мал шаруашылығы – 1 жоба 13,4 млн теңге,
шағын және орта бизнес – 4 жоба 59,5 млн теңге,
құс шаруашылығы -1 жоба 9,8 млн тг,
өсімдік шаруашылығы -2 жоба 17,2 млн тг
Соңғы уақытта Қарғалы ауданының аграрлық секторына елеулі көлемде инвестициялар тартылды.
Бұл ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің техникалық жарақтандырылуын арттыруға бағытталған нақты қадамдарды көрсетеді.
Машина-трактор паркін жаңарту аясында соңғы 3 жылда 137 шаруашылық 6млрд.623млн теңгеге 280 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары сатып алынды. Оның ішінде 70 трактор, 15 астық жинайтын комбайн және 195 бірлік басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар. (1 млрд теңгеге жуық субсидия төленді)
Оған қоса, ағымдағы жылдың 16 шілде күні ауданымызда облыстық «QARGALY AGRO FEST-2025» дала күні шарасы өткізілді. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшылары, ғалымдар мен барлық 12 ауданнан келген шаруалар қатынасты. Соңғы кездегі агроөнеркәсіп саласындағы жаңалықтармен танысып, аудандағы шаруалардың жұмыстарына «оң» бағасын беріп, тәжірибелерімен алмасқан, маңызды шара болды.
Инвестиция туралы
Мемлекет басшысы өз Жолдауында инвестициялық климатты жақсарту, бизнеске қолайлы жағдай жасау және стратегиялық салаларға тікелей инвестиция тарту қажеттігін бірнеше рет атап өтті.
Биылғы жолдауда жаңа инвестициялық кезеңді бастауды ұсынды. Сонымен қатар, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болатынын, сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажеттігін атап өтті.
Жалпы ағымдағы жылы және 2026-2027 жылдары аудан аумағынан мал бордақылау алаңын, сүт тауарлы фермасын ашу, етті бағыттағы құс фермасын және қияр мен қызанақ өсіруге арналған жылыжай салу жоспарланып отыр.
Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда ауданға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары құрылатыны анық.
Оған қоса, «Badamsha WIND ENERGY» компаниясы аудан орталығы Бадамша ауылынан жел электр станциясын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.