Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша

Аудан бойынша жолдардың жалпы ұзындығы - 315 км, оның ішінде Республикалық маңызы бар жол – 104 км құрайды, 100 %-ы қанағаттанарлық жағдайда. Қазіргі таңда «Ақтөбе-Орск» тас жолын  90 км орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны - 6,3 млрд теңге, Мердігер «Ассанадорстрой» ЖШС, 

Облыстық маңызы бар жолдар – 30 км құрайды немесе           100,0 %-ы қанағаттанарлық жағдайда, «Ақтөбе-Орск-Бадамша» бағытындағы жолын қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Жоба 3 жылдық, құны 6,3 млрд теңге. жалпы ұзындығы 30 км.

Сонымен қатар, «Ақтөбе-Орск-Петропавл-Хазретовка» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 0 - 7 км учаскесін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Ассанадорстрой» ЖШС,  Ұзындығы: 7 км.,  Жалпы құны: 1,2 млрд.тг. (2025 ж.- 500 млн.тг.)

Аудандық маңызы бар жолдар – 174,85 км құрайды, 129,4 км немесе 74%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2025 жылы облыстың қолдауымен 1 аудандық бар маңызы бар жолдарға 668,0 млн теңге қаражат бөлінді.

«Аудандық маңызы бар КД-КА-53» «Донское-Бадамша- Қайрақты» «Ақтөбе-Орск» автомобиль жолын орташа жөндеу.  Жолдың жалпы  ұзындығы –  8 шақырым. Құрылыстың ұзақтығы 5 ай. Мердігер «Нұрлы Жол-7» ЖШС. Келісім-шарт сомасы – 668 млн теңге. Анықтама үшін: Техникалық қадағалаушы – «ABT & company» ЖШС. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары толықтай аяқталды.

2025 жылы ауданымызда ауылішілік 4 жоба жүзеге асырылды. Жобалық күші – 8 көше, 9,45 км. Жобалық құны - 900,4 млн теңге.

1)    «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавл ауылындағы Қарғалы және Абай көшелерінің тас жолын күрделі жөндеу».

Жолдың жалпы ұзындығы –  2,919 шақырым. Мердігер «DEN-Group Plus» ЖШС болып анықталды. Келісім-шарт сомасы – 327,4 млн теңге. Құрылыстың ұзақтығы 5,5 ай. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталып пайдалануға берілді.

2)    «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ш.Қалдаяқов ауылындағы Əбілқайыр хан көшесіндегі автомобиль жолының құрылысы.       

Мердігер: «Invest Stroy Construction» ЖШС. Келісім шарт сомасы: 208 млн.тг. Ұзындығы:                   1,5 шақырым. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстар жүргізілуде.

3)    «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қос естек ауылындағы жолдарды күрделі жөндеу» (Вавилов, Астана, Ж.Жабаев және Қ.Сәтпаев көшелері).

Жолдың жалпы ұзындығы –  3,531  шақырым. Мердігер «DEN-Group Plus» ЖШС болып анықталды. Келісім-шарт сомасы – 239,9 млн теңге.

4) «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қайрақты ауылындағы Әбілқайыр хан көшесін орташа жөндеу».

 Жолдың жалпы ұзындығы – 1,5 шақырым. Мердігер «DEN-Group Plus» ЖШС болып анықталды. Келісім-шарт сомасы –  125.1 млн теңге.

Сонымен қатар, «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қайрақты ауылына кіре-беріс тас жолын орташа жөндеу» жұмыстары толықтай аяқталды.

Мердігер Агрофирма-Коквест» ЖШС, Келісім-шарт  сомасы -  110,2 млн. тг,  Ұзындығы : 1,5 км

Жоспарымызда,  Степной ауылына кіре беріс тас жолын күрделі жөндеу   (250,0 млн.тг), Степной ауылының көпірін күрделі жөндеу (369,0 млн.тг), «Қос-естек ауылындағы Абай және Д.Қонаев көшелеріндегі көпірлерді қайта құру» (200,0 млн.тг)

       Ауылішілік жолдар бойынша: Ш.Қалдаяқов ауылында 3 көше   (Ахтанов, Жұбанов, Канахина) жөндеу жұмыстарын жоспарда тұр.

Петропавл - 14 көше, оның 7 көшесі;

Әлімбет – 4 көше, оның 3 көшесі;

Ащылысай – 19 көше, оның 5 көшесі;

Кемпірсай – 11 көше, оның 6 көшесі;

Степной – 12 көше, оның 6 көшесі;

Бадамша – 47 көше, оның 44 көшесі;

Ш.Қалдаяқов – 14 көше, оның 5 көшесі асфальтталған.

 

               Ағымдағы жылы аудан орталығы Бадамша ауылында бірқатар абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда:

  • Әбілқайыр хан көшесі 16 мекенжайындағы көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру; (15,7 млн теңге,      «ABA Group» ЖК)
  • Бадамша ауылындағы көппәтерлі үйлердің қабырғаларын сырлау жөніндегі қызметтер; (13,4 млн.теңге,    "Qaz Platinum Stroy LTD" ЖШС
  • Даңқ аллеясын абаттандыру; (15,0 млн.теңге,  ЖК «МУХАМБЕТОВА»)
  • Әбілқайыр хан көшесі, 16-үй бойында ойын кешенін орнату жұмыстары; (8,0 млн теңге,   ЖК "АСКАРОВА С.А."
  • Бадамша ауылындағы Бадамша туған өлкесі МАФ-ын және Рухани жаңғыру МАФ-ын ағымдағы жөндеу;  (3,8 млн теңге,   "Brand PRO" ЖШС)
  • Бадамша ауылындағы көп қабатты үйлердің қабырғаларына көркем сурет салу (мүрал) (4,0 млн теңге ЖК «ҚАЛАБАЕВА АЙНҰР БАЙТҰРСЫНҚЫЗЫ»)
  • Аудандық ішкі істер бөліміне қосылған Бадамша ауылында 15 бейнебақылау камерасын орнату; (12,3 млн теңге, ЖК «Мосягин»)  

 

                        ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ

            Қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Жылыту маусымында «Бадамша-Сервис» КМК-да 4 қазандық жұмыс жасайды (оның ішінде 1 қазандық резервте), олар Бадамша ауылында Орталық және 3 шағын қазандықтар жалпы сыйымдылығы сағатына 17,0 Гкал барлығы 12 су жылытатын қазандықтары бар, ал үшінші модульдік қазандық екі қазандықпен және қуаты сағатына 1,06 Гкал  Степной ауылында орналасқан.  

            2025-2026 жылдарға арналған жоспар бойынша жылыту маусымына халық үшін отын жеткізу 860 тонна қатты отынды құрайды. Қазіргі таңда толық жеткізілді.

2025 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде инженерлік жұмыстар жоспарының орындалуы туралы

Аудан бойынша Қос-Естек, Таранғұл, Айтпай, Шағын Ақтөбе, Қарғалы және Құндызды өзендерінің арнасындағы жағалауды нығайту, табиғи су бұру арналарын тазарту және          2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жазғы–күзгі кезеңдегі инженерлік жұмыстарды бастауға аудандық бюджеттен 12,7 млн. теңге бюджет қаражаттары бөлініп, толықтай жұмыстар аяқталды.

Ауданы бойынша барлығы 27 гидротехникалық құрылыстар бар, соның ішінде республиқалық – 1,  коммуналдық – 21, жеке меншік  иелікте – 5.

Қарғалы су қоймасының сыйымдылығы - (280 млн.м3) суды құрайды. Бүгінгі таңға судың нақты көлемі 108 млн.м3 су бар (38,6%).

 

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Аудан аумағында 9 ауылдық округ бар, онда 15 елді мекен орналасқан, жалпы ерікті  өрт сөндіру құрамының жалпы саны-118, су жеткізуге арналған 2 дана  (3 м3) болатын өртке қарсы тіркемемен, 65 аспалы өрт сөндіргіштер, 118 алғашқы өрт сөндіру құралдары және        14 бензин мотопомпасы дайындалды.

Аудан  бойынша 118 ерікті  өрт сөндіру құрамының барлық мүшелері  арнайы  оқу курстарынан  өтті.

2025 жылдың өрт қауіпті кезеңінде аудан аумағында 13 өрт тіркелді, оның ішінде:

4 - өрт автомобиль көлігі,

5 -  өрт тұрғын үй алабында,

4 - табиғи өрт.

2025 жылы өрт қауіпті кезеңінде 20 дала өрті тіркелді (2024 жылы – 20), дала массивінің 336,8 гектарын (2024 жылы – 505,5 га) қамтыды.

Орман қорында жалпы ауданы 97,24 га (2024 ж. – 45 га) 3 өрт оқиғасы тіркелді (2024 ж. – 1).

ЕӨС құрылымдарын жұмылдырылуымен тиісті шаралары алынып уақытылы сөндірілді.

Сонымен қатар, ауданда Әлімбет, Қосестек ауылдарында орналасқан Әлімбет және Қосестек өрт сөндіру бекеттері жұмыс жасайды. Арнайы өрт сөндіру автокөлігімен, 2 дана    (3 м3) өртке қарсы тіркемемен т.б. қажетті құрал – жабдықтармен қамтылған. Штат саны – 10 адам. 

Ағымдағы жылы Әлімбет ауылындағы өрт сөндіру бекетін ұстауға аудандық бюджеттен 15 млн. 178 мың теңге бөлінді және арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету үшін    13 млн. теңге бөлініп сатып алынды.

Сонымен қатар Аудандық бюджеттен 35 млн. 5 мың теңге бөлініп Әлімбет ауылында өртке қарсы қызметке арналған жылы гараж салынды.

 «Таза Қазақстан» бағдарламасы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда кең көлемде халықтың қатысуымен сенбілік жұмыстары жүргізіліп келеді. (Жыл басынан бері – 17 сенбілік ұйымдастырылды)

Бүгінгі күні акция бойынша 8 328 тұрғын, 102 мекеме қатысты, шара барысында 3282 аула (35 көппәтерлі тұрғын үй) жиналып,           85 әлеуметтік және 234 кәсіпкерлік нысандар қамтылды.

Жалпы қоқыстан 15 су объектілерінің жағаулары (өзендер, көлдер, бұлақтар) 12 000 метр арықтар тазартылды.

Бағдарлама аясында батырлар мен белгілі тарихи тұлғаларға арналған 12 ескерткіштердің айналасындағы аумақтар қамтылды.

Аумақтарды жинау үшін 19 бірлік техника тартылып, қатты тұрмыстық қалдық полигондарына 2400 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, 9 саябақ пен скверлер тазартылды.

Ағымдағы жылы 19-шы сәуір бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні шарасы аясында ауданымызда жасыл аймақ бойынша демеушілік көмекпен барлығы 2500 түп ағаш отырғызылды және  қосымша 800 түп ағаш отырғызу жоспарымызда бар.

(Бадамша ауылдық округі: кіре беріс тас жолы – 1750 тал, демеуші: «ЮжПромСнаб» ЖШС, ЖК «Сермагамбетов»

Желтау ауылдық округі: кіре беріс тас жолы – 750 тал, демеуші: «Алина Холдинг» ЖШС)

Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады.

Документы
Ақпарат
05 августа 2026
«Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
«Көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша тізілімі».
Ақпарат
17 июля 2026
«Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі.
Ақпарат
22 июня 2021
Қарғалы ауданындағы экологиялық жағдай туралы ақпарат 2021 жылғы 1 маусымға.
Новости
Полезные материалы
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша
Медиагалерея
1
«Таза Қазақстан» – таза болашақтың бастауы!
1
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Жосалы ауылын аралап, елді мекеннің санитарлық жағдайы мен абаттандыру жұмыстарын бақылауға алды.
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Қосестек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
«Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы