
Білім беру саласы бойынша, ауданда 22 білім беру ұйымы қызмет жасайды: оның ішінде 12 жалпы орта мектебі, 7 балабақша (1-жеке), 3 қосымша білім беру ұйымдары (өнер мектебі, шабыт аула клубы, туризм орталығы)
Аудан бойынша білім беру ұйымдарында 565 педагогикалық қызметкер (433 жалпы орта мектебінде, 79 мектепке дейінгі ұйымдарда, 53 қосымша білім беру ұйымдарында) жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
Ауданда 7 (оның ішінде 1 – жеке) балабақшада, 5 мектеп-балабақша - барлығы 672 бала қамтылған. Қамту көрсеткіштері: 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 97,5%, 3-6 жас - 100%, 2-6 жас –98,8%.
Анықтама үшін:
Балабақша – 672 бала, оның ішінде: 6 мемл.балабақша (520 бала); 1 жеке балабақша (45 бала), 5 мектеп-балабақша (107 бала);
Балабақшаға кезекті58 бала.
Педагогикалық қажеттілік жоқ.
Ұйымдар толығымен бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.
Жалпы орта білім беру.
Ауданда 12 мектепте 2 379 оқушымен қамтылған. Биыл 11 сыныпты 140 түлек бітіріп, оның 79-і грантқа түсті («Алтын белгі»– 6 иегер, «Үздік» аттестат – 10 иегер).
Анықтама үшін:
Жалпы орта мектепте 2379 оқушы оқиды, оның ішінде 45%-ы қазақ тілінде, 55%-ы орыс тілінде білім алады. (2024 жылы 11 сыныпты бітірген түлек саны - 120, ҰБТ рәсіміне 85 бала қатысты)
9 сынып оқушыларынан «Үздік аттестат» – 19 оқушы ие болды.
2025-2026 оқу жылына бірінші сыныпқа 236 оқушы қабылданды, оның ішінде 45% қазақ сыныптарында.
Мектептер 100% бейнебақылау жүйесімен және жылы туалеттермен қамтамасыз етілген.
Республикалық деңгейде 4 оқушы жүлде алды, оның ішінде:Президенттік пәндік олимпиада-1 жүлделгер, Зерде ғылыми жоба -3 оқушы,Ауыл олимпиадасы 5 оқушы республикалық кезең жүлдесі.
Сонымен қатар, Ағымдағы жылы 12 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 101, 0 мың теңге қаражат бөлінді.
Мектептердің материалдық базаларын жаңарту үшін бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда:
Материалдық-техникалық базасының негізгі құралдарға 50 176 000 тенге, тұрмыстық заттарға, құрылыс материалдарға -31 940, 0 мың тенге қаражат бөлінді . «Балапан» МДҰның МТБ нығайтуға 8462 000 тенгеге негізгі құралдар алынды. «Қайрақты НМ» КММ ағымдағы жөңдеу жұмыстарына 56 602 610,08 теңге бөлінді.
Жоспарымызда, 2026 жылы Петропавл, Жосалы, Косистек орта мектептерін және «Бәйтерек» МДҰ күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындауға Білім басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.